Баянауылдағы музейдің шатыры құйыннан соң ұшып кетті

15.09.2023, 20:28
685
Баянауылдағы музейдің шатыры құйыннан соң ұшып кетті pavlodarnews.kz

Жергілікті демеушілер желмен ұшып кеткен төбені қалпына келтіруге көмектесті. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Баянауыл ауданындағы Қ.И. Сәтбаев атындағы Баянауыл мемориалдық мұражайының шатыры 30 тамызда сағат 17:25-те қатты желмен ұшып кетіп, жолға құлаған. 

Мұражай басшысы Қайыркен Абылғазинның айтуынша, ғимарат бір жұма бойы шатырсыз тұрған. 

– Құлаған шатырдың ауданы 170 шаршы метрді құрады. Сол күні ауданда желдің жылдамдығы секундына 19 метр болған. Өзеннің маңы болғандықтан, құйын көтеріліп, осындай жағдайға әкелді. Барлығына хабарластық, бірақ мереке күні болатын. Содан кейін құжаттармен жүгірдік, сондықтан бір-ақ сәтте осы мәселені шеше алмадық.  Абырой болғанда, демеушілер табылып, көмек көрсетті. Шатыр қыркүйектің 7-сі күні, яғни бір жұмадан кейін жөнделді, – деді Қайыркен Абылғазин.

Оның сөзінше, бүкіл материалдық шығындарға екі миллион теңгеге жуық қаражат кеткен. Жұмысшылар мұражайдың шатырын профлиспен жауып тастаған.

Аталған мұражай соңғы рет он жыл бұрын күрделі жөндеуден өткен. 

Еске сала кетейік, жуырда облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиналыста Асайын Байханов Баянауылдағы бұл жағдайдың үнсіз қалып қойғаны және ешқандай шаралар қолданылмағаны туралы айтқан еді. Бұл жағдай үшін аймақ басшысы Баянауыл ауданының әкімі Ардақ Қсентаев пен облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және  архив ісі басқармасының басшысы Медет Тауасқанға қызметтік сөгіс жариялаған болатын.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады