870

Маңғыстау облысының бұрынғы әкіміне іздеу жарияланды

Қазақстанның Біріккен ММА федерациясы әлеуметтік желіде президенті Алик Айдарбаевтан хабарласуды сұраған жазба жариялады. Бұл туралы smartnews.kz сайты mangystaumedia.kz басылымына сілтеме жасай отыра хабарлайды.

Маңғыстау облысының бұрынғы әкіміне іздеу жарияланды
ашық дереккөзден

Қазақстан Біріккен ММА федерациясының жаттықтырушылары мен спортшылары федерацияның қазіргі президенті Алик Айдарбаевты іздеуде. 

«Алик Серікұлы, спортшылармен хабарласуыңызды сұраймыз»,- деп жазады басылым.

Федерация Айдарбаевтың байланысқа шықпағанын хабарлады. Ол федерацияны басқарған уақыттың ішінде 100 млн теңгеден астам салық берешегі қалыптасып отыр.

Алик Айдарбаев Қазақстанның біріккен ММА федерациясының президенті лауазымына 2020 жылдың 20 ақпанында сайланды. Ол 2013-2017 жылдары Маңғыстау облысының әкімі, ал 2018-2022 жылдары «ҚазМұнайгаз» ҰК басқармасының төрағасы болған еді.