Суару каналынан мәйіті табылған 9 сынып оқушысы Аружанға қатысты сот процесі басталды

16.09.2023, 15:02
2256
Суару каналынан мәйіті табылған 9 сынып оқушысы Аружанға қатысты сот процесі басталды aikyn.kz

Ордабасы ауданындағы суару каналынан мәйіті табылған 9 сынып оқушысы Аружанның өліміне қатысты сот процесі басталды. Бұл туралы smartnews.kz сайты otyrar.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Күдікті ретінде Төрткүл ауылының 2 баласы қамауға алынған болатын. Олардың үстінен 3 бап бойынша іс қозғалды. Қаза тапқын қыздың анасы сезіктілердің ауқатты отбасыдан шыққанын айтады. Сондықтан таныстары арқылы сот шешіміне әсер ете ме деп алаңдайды.

«Біріншісі экс-әкімнің баласы, екіншісі байдың баласы. Ауылдан естіп жатырмыз 5 адвокат жалдаған. Прокуратура мен сотқа ақша беріп қойған ба деп ойлаймын. Менің талабым сот әділ өтсе екен. Сотта балалар еркін отырды. Тіпті кешірім де сұраған жоқ. Олар тергеуде емес, курортта жатқан стияқты түріне қарасаң» – дейді Аружанның анасы Динара Зілғараева.

Қазір 2004, 2005 жылғы балаларға қатысты алдын-ала тыңдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

“Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 132-бабының 4-бөлігімен, 194-бабының2-бөлігі 2-тармағымен, 99-бабының 2-бөлігінің 7,9,14 – тармақтары бойынша айып тағылып, іс-материалдары сотқа 2023 жылғы 1 қыркүйек күні түсті. Қазір іс Түркістан облысының қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы өндірісінде” – дейді Түркістан облыстық сотының баспасөз хатшысы Әсет Серікбаев.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады