1183

Шымкентте 43 әйел «жезөкше» есебіне қойылды

Жезөкшелікпен айналысатын әйелдер қолға түсті. Бұл туралы smartnews.kz сайты otyrar.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкентте 43 әйел «жезөкше» есебіне қойылды
otyrar.kz

Ағымдағы жылдың 13-15 қыркүйек аралығында республика көлемінде «Stop-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Адам саудасының алдын алуға және оның жолын кесуге бағытталған маңызы зор шараға Шымкент ҚПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының барлық жеке құрамы жұмылдырылды.

Қызметкерлер қала аумағында рейдтік іс-шаралар жүргізіп, әуежай, темір жол вокзалы, жалдамалы пәтерлер мен ойын -сауық орталықтарына, сауналар мен қожалық фермаларға тексеру жүргізді.

Нәтижесінде, екі күн ішінде жезөкшелікпен айналысуға үй-жай ұсынудың 8 дерегі анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабымен хаттама толтырылды. Сондай-ақ, әкімшілік кодекстің 449-бабы «Қоғамдық орындарда тиісу» бойынша 48 тұлға жауапқа тартылды. Бұған қоса, 43 азаматша жезөкше есебіне қойылды.