1082

Қолы ет тартқышқа қысылып қалған 2 жасар баланы құтқарушылар аман алып қалды

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері ет тартқышқа қолы қысылып қалған 2 жасар балаға көмектесті. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Қолы ет тартқышқа қысылып қалған 2 жасар баланы құтқарушылар аман алып қалды
shymkent_tjd

"103" қызметінен жазатайым оқиға туралы шақыру Қызыл Әскер трассалық медициналық-құтқару пунктіне 15 қыркүйекте сағат 21.37 минутта келіп түсті.

- Оқиға орнына келген жедел әрекет ету бригадасы шамамен 2 жастағы баланың қолы электр ет тартқышта қысылап қалғанын анықтады. Аға фельдшер Сабденов Сержан, фельдшер Нұрғали Ташкенбаев және құтқарушы Жанболат Омаров алғашқы медициналық көмек көрсетті, - делінген ТЖД хабарламасында.

"Оң қолдың бірнеше сынуы" диагнозы қойылған бала Абай ауылының орталық аудандық ауруханасына жатқызылып, онда шұғыл әрекет ету бригадасы апаттық-құтқару жабдықтарын қолданып, баланың қолын босатқан. Бала наркозбен ұйықтатылып, жансақтау бөліміне жатқызылған.