549

Мұғалімдері желі үшін тауға шығуға мәжбүр: Министрлік Аққұм ауылына интернет орнатуға уәде етті

Желінің жоқтығынан электронды журналды толтыру үшін тауға шығуға мәжбүр болған Аққұм ауылы мұғалімдерінің жағдайы осыған дейін қызу талқыға түсті. Цифрлық даму министрлігі Түркістан облысы Аққұм ауылының тұрғындарына 20 Мбит/с интернет жылдамдығы мен шектеусіз трафикті қамтамасыз етуге уәде берді.

Мұғалімдері желі үшін тауға шығуға мәжбүр: Министрлік Аққұм ауылына интернет орнатуға уәде етті

Министрлік бүкіл желіде тараған атышулы суреттен кейін жұмысқа кірісті. 

"Бұл ретте министрлік коммуникация саласында "Қолжетімді интернет" ұлттық жобасын әзірледі. Осы жоба аясында 3 мыңнан астам ауылды талшықты-оптикалық байланыс желісі арқылы жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жоспарлануда. Олардың қатарында Аққұм ауылы да бар", - делінген хабарламада.