1081

Жуалы ауданында әйеліне былапыт сөз айтқан еркек қамауға алынды

Жуалы аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 669-б. 2-б. (құқық бұзушының мінез-құлқына сот белгілеген ерекше талаптарды бұзу) бойынша С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Жуалы ауданында әйеліне былапыт сөз айтқан еркек қамауға алынды
ашық дереккөзден
 
Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметінің дерегінше, 2023 жылдың шілде айында соттың шешімімен азамат С. мас күйінде әйеліне сыйламаушылық көрсеткені және былапыт сөйлегені үшін С. ӘҚБтК-нің 73-б. 1-б. бойынша 3 тәулікке әкімшілік қамаққа алынған.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау барысында сотпен, құқық бұзушыға алкогольдік ішімдік ішуге тыйым салу туралы мінез-құлқына ерекше талаптар қойылған. Алайда С. 2023 жылы қыркүйек айында алкогольдік масаң күйде көшеде жүргені анықталған.
Cот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындаған.
Сот қаулысымен айыпталушы 2 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалған.