"Дәлел келтіріңіз": Актер Нұртас Адамбай намазхандарды алаяқ деп айыптаған Ринат Зайытовқа шүйлікті

18.09.2023, 11:21
4013
"Дәлел келтіріңіз": Актер Нұртас Адамбай намазхандарды алаяқ деп айыптаған Ринат Зайытовқа шүйлікті nurtasadambay/rinat_zaitov_resmi

Кино саласынан кетіп, дін жолына түскен Нұртас Адамбай “алаяқтардың 80 пайызын намаз оқитындар” деп мәлімдеме жасаған Ринат Зайытовтан түсініктеме беруді талап етті.

“Мен парламент депутаты Ринат Зайытовқа үндеу жасамақпын. Депутат Зайытов, Қазақстан Республикасының азаматы ретінде “алаяқтықтың 80 пайызын намаз оқитындар жасайды” деген мәлімдемеңізге дәлел келтіруіңізді сұраймын. Өз сөзіңізді дәлелдей алмаған жағдайда мен сізді жәй ғана “мылжың” деп есептейтін боламын. Ал парламентте мылжыңдарға орын жоқ. Намазхандарды еш негізсіз айыптаған болсаңыз, депутаттық қызметіңізден кетіңіз. Орныңызды білікті жанға тапсырыңыз. Өз сөзіне жауап бере алмайтын адам еліміздің заң шығарушы билікте отырмау керек. Дәлеліңізді күтемін”, – дейді Нұртас Адамбай.

Бейнежазба астында пікір қалдырған желі қолданушылары Ринат Зайытовқа араша түсіп әлек.

“Менің ойымша, Ринат дінді жамылып құйтырқы әрекеттерін жүзеге асырып жүргендерді меңзеді”, “Нұртас, қашаннан бері әулие бола қалғансың?”, “Ринат дұрыс айтты. Ол мылжың болса, сен клоунсың”, “Не десе де, Зайтов дұрыс айтты,тірлігіңді тоқтатпа”, ”Намазхандарды 100 пайыз таза, еш жаман пиғылы жоқ адамдар деп те айту қиын”, “Ринаттың кімдерді және қандай мағынада айтқанын түсініп алыңдар”, “Дәлелдейтін түгі жоқ, бәрі онсыз да белгілі дүние”, “Ринат өз ойын дұрыс жеткізбеді”, – деп жарыса жазды желідегілер.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды