"Тізерлеп кешірім сұрамаймын": Депутат Ринат Зайытов желіні шулатқан мәлімдемесіне қатысты жауап берді

18.09.2023, 12:51
1908
"Тізерлеп кешірім сұрамаймын": Депутат Ринат Зайытов желіні шулатқан мәлімдемесіне қатысты жауап берді rinat_zaitov_resmi

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов “алаяқтардың 80 пайызы намаз оқитындар” деген мәлімдемесіне қатысты түсініктеме берді.

Ринат Зайытов намазхандарға қатысты мәлімдемесінен кейін өзіне жан-жақты шабуыл жасап жатқанын айтты. 

“Кейінгі екі күнде маған қарай екпінді ақпараттық және психологиялық шабуыл басталды. Оны өзім де күткенмін. Себебі, оған етім үйренген. Мұндай шабуылдар маған 2008, 2011, 2019-ыншы жылдары да жасалған. Жасырмаймын оңай емес. Бірақ шыдауға тура келеді. Енді сіздерге бұл технология қалай жасақталатынын түсіндіруге тырысайын. Мысалы осы жолғы шабуылдың тақырыбы менің намаз оқып жүріп алаяқтық жасайтын адамдар жайлы айтқан сөзімді алға тартып, сол арқылы қоғамды маған қарсы қоймақ. Мақсаты белгілі. Біріншісі- мені қорқыту, екіншісі-менің жеке басыма қастандық жасалса, осы себептен екен дегізу. Сөз жоқ ақылды жүріс. Екеуінің біреуіне жеткенше олардың тоқтамайтынын да білемін. Тәуекел. Маңдайға жазғанын көреміз... “, – дейді Ринат Зайытов.

Шенеунік ешкімнен кешірім сұрамайтынын және халықтың мүддесі үшін қызмет істеп жатқанын айтты.

“Бәріне бірдей бір ғана жауабым бар. Қадірлі ағайын, мен де өздеріңіз сияқты көп пенденің бірімін. Ешкімнен тығылып, ешкімнен қашып жүрген жоқпын. Қандай да бір айтарларыңыз болса, жауабын беруге дайынмын. Бар арманым елімнің дұрыс өмір сүргенін, отанымның гүлденгенін көру ғана. Ешбір топтың алдында тізерлеп кешірім сұрамаймын! Өйткені оған себеп көріп тұрған жоқпын. Әлеуметтік желі шулады екен деп, дірілдейтін қорқақтарың мен емес. Алға қойған нақты мақсатыммен жоспарым бар. Сол жұмыстарды бітіруім керек. Мәжіліс мінберінен халыққа берген антым бар. Берілген мерзім бес жыл. Сол бес жылымды халықтың мүддесін қорғауға арнаймын. Басқасы бір жаратқанның құзырында. Түсінетін шығарсыздар деп ойлаймын”, – деп жазды ол. 

Ринат Зайытов өзін бопсалап, қорқытып жатқан адамдарға да ескерту жасады.

“WhatsApp-қа шығып, қорқытпақшы болып жатқан батырсымақтар. Сендерден шошып жүретін жағдайым жоқ. Аптасына бес күн жұмысқа жаяу барып, жаяу келемін. Қылатындарыңды қылып алыңдар. Оққағарым да, сендер айтқан "братвам" да жоқ. Сенгенім бір Құдай” , – дейді мәжіліс депутаты.

Желі қолданушылары жазба астында Ринат Зайытовқа қолдау білдіріп, дем берді.

“Жасыңмаңыз, қасыңдамыз. Біз өйткені өлмейтін асылданбыз! Қашанда қолдауға дайынмын, аға”, “Міне, депутат деген атқа лайықты азамат! Міне, нағыз халыққа қызмет еткен деген осындай болады”, “Айналайын Ринатжан, жүрегіңнен, азаматтығыңнан айналдық, Алладан сенің амандығыңды сұраймыз”, “Ринат, айтқаныңмен келісем, ақиқат ащы болады”, “Шындықты айтуға қорықпайтын, халқы үшін шырылдайтын депутат осындай болады”, – деп пікір қалдырды желідегілер.

Алматыда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, әйел адам мерт болды Оқу-ағарту министрі ұстаздарды мерекемен құттықтады Қазгидромет 5 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады «Желдің күшейеді, жауын-шашын, найзағай»: Демалыс күндері ауа райы қандай болады? «32 жыл толды»: Жеңіс Ысқақова тұрмысқа шыққан кездегі фотосын бөлісті «Танымай қалдық»: Ләйлә Сұлтанқызының декреттегі кезі ел талқысына түсті «Ақ боз атты құрбандыққа шалған»: Өзара билер алқасын құрған бір топ қазақстандық көптің талқысына түсті Сәкен Бибосынов пен Санжар Тәшкенбай финалда жұдырықтасудан бас тартты Домофонды кірпішпен сындырған елорда тұрғыны қамауға алынды «Көлікті тоқтатып, шешіне бастады»: Фариза Ескермес зорлықтан қалай құтылғанын айтып берді «Мені жеңу оңай емес»: Ауыр дертпен күресіп жатқан Мұрат Бисембин мәлімдеме жасады Қазақстан әйелдердің қауіпсіздігі рейтингінде Түрікменстаннан да төмен болып шықты «Соңғы отырысымыз еді»: Жанар Айжанова марқұм жолдасын есіне алды «Жүкті қыз бен 9 жасар баланы зорлаған»: Сексуалды құлдықта ұстады деп айыпталған рэпер P.Diddy-дің құрбандары белгілі болды Үй 170 миллион теңге тұрады: Жұлдыз Әбдікәрімова өзін алдап соққан құрылыс компаниясына қатысты соттың қалай өтіп жатқанын айтты Ақтөбеде мас жүргізушінің кесірінен 500-ден астам отбасы газсыз қалды (ВИДЕО) Алдағы уақытта қазақ ғарышкері ғарышқа ұшпақ «Талдың қасына көме салайық деген»: Алматы облысында 2 жасар қызын ұрып өлтірді деп айыпталған әйел туралы деректер айтылды Қазақстандық жұлдыздар Скриптонит пен Jah Khalib Ресейдің «қара тізіміне» енді «Күнде жарқыл пайда болды»: Қазақстанда екі күн бойы магнит дауылы болады