641

Оралда жүргізуші мас күйде қаққан 14 жастағы қыз жансақтау бөліміне түсті

Оралда жүргізуші мас күйінде автокөлігімен қағып кеткен 14 жастағы қыз жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Оралда жүргізуші мас күйде қаққан 14 жастағы қыз жансақтау бөліміне түсті
canva.com

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 17 қыркүйек күні Орал – Бортау тас жолы бойында болған.

«1971 жылғы жүргізуші мас күйінде «Renault Duster» автокөлігімен келе жатып, Орал құс фабрикасы ауданы «Шлагбаум» аялдамасы тұсында белгіленбеген жол үстімен жүріп өтпекші болған 14 жастағы қызды қағып кеткен. Жол апаты салдарынан ауыр жарақат алған жасөспірім ауруханаға жатқызылды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 345-1-бабына (алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды», - деп хабарлады ведомстводан.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, қазір қыз облыстық көпбейінді балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде. Жағдайы өте ауыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқан 6 адам бір отбасының мүшесі екенін жазған болатынбыз.