"Хайп жасағысы келді": Сейфуллин Жолбарыс Бақыт Шадаевамен арада болған дауға қатысты пікір білдірді

19.09.2023, 09:20
618
"Хайп жасағысы келді": Сейфуллин Жолбарыс Бақыт Шадаевамен арада болған дауға қатысты пікір білдірді s_zholbarys_official/bakhyt_shadayeva

Танымал әнші, композитор Сейфуллин Жолбарыс “Ұйқым келмейді” бағдарламасында өнердегі әріптесі Бақыт Шадаевамен болған жанжалға нүкте қойды.

Өнер иесінің айтуынша, Бақыт Шадаеваның айтып жүргені бос әңгіме, екеуінің арасында ешқандай талас болмаған.

“Мұның бәрі бос әңгіме. Арамызда ешқандай үй де, талас та болған жоқ. Бақыт хайп жасағысы келген болар. Біз кезінде бірге көп жұмыс жасағанбыз. Мұндай ойды оған жанында жүрген продюсерлері салды деп ойлаймын. “Үйімді тартып алды, ақшамды бермей қойды” деген бос әңгіме. Ешкім ешкімге қарыз емес. Егер расымен мен Бақытқа қарыз болсам, қазір түрмеде отыратын едім. Сондықтан алаяқтық та, басқасы да болған жоқ. Еңбек еткенім рас, Бақыттан ешқашан үй алған емеспін”, – дейді Сейфуллин Жолбарыс екеуара дауды жоққа шығарып. 

Сондай-ақ ол Бақыт Шадаевамен мүлдем араласпайтынын айтты.

“Екеуіміз араласа алмаймыз. Қалай араласамыз? Бақытпен араласу үшін оның күйеуі болу керек. Оның күйеуімен мен дос болу керекпін. Әйел мен еркек дос болмайды. Сол себепті күйеуі жоқ әйелдермен дос болмаймын. Шығармашылықта да екеуіміздің жолымыз екіге айырылды”, – дейді әнші.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады