"Әйел еркектің рахаты үшін ғана жаратылған": Тележүргізуші Әсел Асқар мен үш келіншегі бар кәсіпкер жанжалдасып қалды

19.09.2023, 13:10
972
"Әйел еркектің рахаты үшін ғана жаратылған": Тележүргізуші Әсел Асқар мен үш келіншегі бар кәсіпкер жанжалдасып қалды Видеодан алынған кадр

Видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен үш әйелі бар Ақылбек Меңдіғалиұлы мен тележүргізуші Әсел Асқар “Қыздар-ай” бағдарламасы барысында дауласты.

Қонақ ретінде шақырылған Ақылбек Меңдіғалиұлы Әсел Асқар тележүргізуші ретінде: “Үш қатынды не үшін алдыңыз?” деген сұрақ қойды. “Алғым келген соң алдым. Маған бәйбішенің рұқсаты керек емес. Олардың рұқсатының маған қажеті не? “Оқымаған адам қиын, оқымаған қатын мүлдем қиын” деген әңгіме болып тұр. Мен үшін үш  қатын да аз”, – дейді Ақылбек Меңдіғалиұлы.

Бағдарлама жүргізушісі Әсел Асқар студия қонағының бұл сөзіне шамданып қалды.

“Мен сіздің қатыныңыз емеспін. Сіздің маған олай айтуғы құқығыңыз жоқ. Үйдегі әйелдеріңізді қалай атасаңыз да өз еркіңіз. Бірақ бізге ондай әңгіме айтпаңыз”, – деді ашуға мінген Әсел Асқар.

Үш әйелі бар кәсіпкердің айтуынша, әйелдің күйеуіне ескертпей, оның рұқсатынсыз сыртқа шығуына қарсы. Тіпті әйел тек ер адамның рахаты үшін жаратылған деп санайды.

“Әйелдер дандайсып, өздері шешім қабылдап, күйеуінің рұқсатынсыз анда-мында кете беретін болса ол оның еркектен көп табыс табатынын іс-әрекетімен көрсетеді. Иә, әйел ол туралы айтып, жанжал шығарып жатқан жоқ, бірақ амалымен көрсетіп отыр. Сен қоныңдағы қатыныңның не істеп, не қойып жүргенін білмейсің. Әйел – еркектің қуанышы, жеңілдігі мен рахаты үшін жаратылды. Болды, тек осы үшін. Ризық-несібенің барлығы еркектің мойнында ”, – дейді Ақылбек Меңдіғалиұлы.

Ал Әсел Асқар бұл пікірге мүлдем қарсы.

“Әйел – өзіне би, өзіне қожа. Бізде қожайын жоқ. Қожайынымыз болатындай біз ит немесе мысық емеспіз. Өзіміз ақша табамыз, балаларымызды асыраймыз, жұмыс жасаймыз”, – дейді бағдарлама жүргізушісі. 

Кәсіпкер тағы бір мәлімдемесі көпшіліктің жағасын ұстатты.

“Мен үш әйеліме: “Қыз тусаңдар оларды тек екінші, үшінші, төртінші әйел қылып беремін” деп айтып қойдым. Бірінші әйел қылып та бермеймін. Қыздарымды 18 жаста байға беремін”, – дейді кәсіпкер.

«Ешкім жаза алмайды»: Айсәуле Бақытбек отбасындағы қайғылы қаза туралы ашып айтты «Жаңа адаммен жаңа өмір»: Жұлдыз Әбдукәрімова жаңа үйін балаларына көрсетті Мас күйде көлік жүргізген Қостанайдағы аурухана бас дәрігері қамалды Иран Израильдің үш тыңшысын өлім жазасына кесті «Ішіме сыймай бара жатыр»: белгілі әзілкеш Еркебұлан Мырзабек сүйінші хабарын жеткізді Жол инспекторы терезеге басы қысылып қалған баланы құтқарып қалды (ВИДЕО) Астанадағы қиранды стадион олигархтардан қайтарылған ақшаға қайта салынып жатыр Иран Халықаралық атом энергиясы агенттігімен «достығын» тоқтатты Жаңа шектеу: Қыркүйектен бастап аударымдар бақылауға алынады Ресей мен Иранның әрекеті сабақ болды: Ұлыбритания соғысқа жаппай дайындықты бастады Қазақстанның 12 өңірінде шілдеде құрғақшылық күтіліп отыр Путин «иноагенттерді» шетелде жүргенде де жазалайтын заңға қол қойды Әскерге сау кетіп, мүгедек болып оралған Ербаян Мұхтар аяққа тұра бастады (ВИДЕО) Ашулы Трамп Израиль мен Иранды боқтап жіберді Сағындырған LRT… Астаналық бұзақылар LRT вагондарына сурет салып кеткен Шерзаттың өліміне кінәлі сотталушылар апелляциялық шағым түсірді «Тарихи жеңіс емес»: АҚШ атқылаған Иранның ядролық базалары аса қатты зақымдалмаған боп шықты Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Байқамай қалдым»: Алматыда зейнеткер әжені көлік қағып өлтірді Мұхтар Мағауиннің ұлы Мағжан Мағауин дүниеден өтті