630

Астанада тұрғын үй ауласынан 53 жастағы әйелдің мәйіті табылды

Астанада Қабанбай батыр даңғылындағы тұрғын үйдің аулаларының бірінен 53 жастағы әйелдің мәйіті табылды.

Астанада тұрғын үй ауласынан 53 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Видеодан алынған кадр

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Желі қолданушылары марқұмды ер адам деп ойлаған.

Астана полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 19 қыркүйек күні зорлық-зомбылық белгілері жоқ әйелдің денесі табылған.

"Марқұмның жеке басы анықталды. Ол 53 жастағы елорда тұрғыны. Сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізілуде", - деп хабарлады полиция.