Жанармай картасын енді Apple мен Google әмияндарына қосуға болады

20.09.2023, 10:00
703
Жанармай картасын енді Apple мен Google әмияндарына қосуға болады Freedom Bank

Цифрлық жанармай картасын алып, Apple мен Google электрондық әмияндарына қосуға және жүргізуші куәлігін және/немесе көлік құралын тіркеу куәлігін көрсетпей-ақ, дизельдік отынды сараланған бағамен (1 литр үшін 295 теңге) сатып алуға болады.

Тегін сервисті Freedom Bank ҚР Энергетика министрлігі және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп іске асырды. Құжат жүргізуші куәлігі бар барлық қазақстандықтар үшін қандай да бір қосымшаларды ашпай-ақ, бір рет басу арқылы қолжетімді.

Цифрлық құжатты алу үшін Freedom Bank сайтының «Цифрлық құжаттар» бөліміне кіріп, екі минут ішінде онлайн бірнеше қадам жасау жеткілікті. Ол үшін банктің клиенті болу міндетті емес, қызметті кез келген адам пайдалана алады.


Цифрлық жанармай картасын ашу тек жеңіл автокөлік жүргізушілеріне қолжетімді. Жүк көлігінің иелері сервисті eGov mobile мобильді қосымшасында алдын ала авторизациядан өткеннен кейін пайдалана алады.

Сондай-ақ аталған картаны банктің сайтында алған кезде жеке куәлік, жүргізуші куәлігі және техникалық төлқұжат электрондық әмиянға автоматты түрде қосылады. Бұл цифрлық құжаттар Қазақстан аумағында құжаттың ресми түрі болып табылады және қағаз нұсқасымен қатар қолданылады.


Фото: ria.ru

ҚР Энергетика министрлігінің бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы бұйрығымен Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде дизель отынының лимиті күніне 100 литр көлемде бір литр үшін 295 теңге бағамен белгіленген, ал Қазақстан Республикасында көлік құралдарын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен кезде жүк, арнайы, мамандандырылған көліктер мен автобустар үшін бекітілген лимит 300 литр үшін тәулігіне 1 литр үшін 295 теңге бағамен сатылатынын еске саламыз.

Қалған санаттағы адамдарға, сондай-ақ көрсетілген лимиттерден жоғары дизель отыны 1 литр үшін 450 теңгеден босатылады.

Жанармай картасы және жанармай құю станцияларының тізімі бойынша сұрақтар туындаған жағдайда жұмыс уақытында осы телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: + 7 (747) 897-9781, картаны Wallet-ке қосу мәселелері бойынша: 595.

01.02.2023 берілген № 1.2.108/43/250 ҚНРДА лицензиясы

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды