Арменияда Таулы Қарабақтағы соғыс қимылдарына қарсы наразылық акциялары өтуде

20.09.2023, 09:44
657
Арменияда Таулы Қарабақтағы соғыс қимылдарына қарсы наразылық акциялары өтуде Reuters

Ереванда 19 қыркүйек күні Таулы Қарабақтағы Әзірбайжанның әскери операциясына байланысты тұрғындар наразылық акциясына шықты. Бұл туралы smartnews.kz сайты DW.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Армения үкіметінің ғимаратына жиналғандар елдің премьер-министрі Никол Пашинянды Таулы Қарабатағы жағдай үшін айыптады. Олар "Никол - сатқын" деп ұрандатты.

Наразылық акциясына қатысушылар биліктен Таулы Қарабақтың армян халқын қорғауды және Әзірбайжанды бомбалауды талап етеді.

Тұрғындар мен полиция арасында қақтығыс пайда болды. Полиция жеңіл шу гранаталарын қолданған. Ал наразылық білдірушілер полицейлерге тас пен пластикалық бөтелкелерді лақтырды.

Осы уақытта Арменияның ұлттық қауіпсіздік қызметі елдің "ішкі қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін кез келген әрекеттің алдын алу үшін" шаралар қолданатынын ескертті.


Тағы бір наразылық Ресейдің Еревандағы елшілігінің жанында өтті. Жиналғандар Таулы Қарабақта орналасқан Ресей бітімгерлерінен аймақ тұрғындарын Әзірбайжан агрессиясынан қорғауды талап етті.

Елшілікті ереуілшілер жауып тастады да, соның салдарынан қызметкерлер ғимараттан шыға алмады. Кешке наразылық білдірушілер елшілік ғимаратынан кетіп қалды.

Пашинян Арменияның соғыс іс-қимылдарына араласпағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, операция Таулы Қарабақтағы елді мекендерді бақылауға алу және Қарабақ армяндарына этникалық тазарту жүргізу үшін басталды.

"Таулы Қарабақта Арменияның қарулы күштері жоқ. Қаншалықты қиын болса да, кейбір күштерге, сыртқы және ішкі күштерге армян мемлекетіне соққы беруге мүмкіндік бермеуіміз керек", – деді Пашинян.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)