«URKER-2023» ұлттық бәйгесінің номинанттары белгілі болды

20.09.2023, 15:04
701
«URKER-2023» ұлттық бәйгесінің номинанттары белгілі болды gov.kz

Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «URKER-2023» ұлттық сыйлығы номинанттарының шорт-листі жарияланды.

Биыл байқау 12 номинация бойынша өтеді, оның ішінде медиа саласын дамытуға үлесін қосып жүрген медиа мамандары үшін үш жаңа номинация қосылды. Атап айтсақ, «Үздік халықаралық БАҚ», «Үздік подкаст», «Үздік YouTube каналы».

Байқауға баспа, радио, интернет-журналистика саласында қызмет етіп жүрген журналистерден барлығы 450 өтінім, солардың ішінде ең көбі «Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал», «Жылдың үздік сұхбаты», «Үздік өңірлік БАҚ», «Жылдың үздік аналитикалық материалы» және «Жылдың үздік репортажы» номинациялары бойынша келіп түсті. Үздік жұмыстарды құрамында беделді журналистер, медиа менеджерлер бар қазылар алқасы анықтады.

Марапаттау рәсімі қарсаңында ұлттық бәйге номинанттарының тізімі анықталды. Шорт-листке 48 номинант енді:

Жылдың үздік сұхбаты:

  • Лэйла Тастанова - Time.kz
  • Эльмира Асқарқызы - Nur.kz
  • Айхан Шәріп - «Айқын» газеті
  • Мейрамтай Иманғали - «Дидар» газеті (Шығыс Қазақстан облысы)

Жылдың үздік репортажы:

  • Рабиға Дүсенғұлова - Tengrinews.kz
  • Санат Урналиев - Informburo.kz
  • Арайлым Мұрат - inform.kz
  • Дина Әділ - Qaz365.kz Жаңа Қазақстан порталы

Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал:

  • Индира Сатбаева - «Вечерний Алматы» газеті (Алматы қаласы)
  • Айбек Тасқалиев - «Ақтөбе» газеті (Ақтөбе облысы)
  • Амангүл Тілейқызы - El.kz
  • Қажет Андас - «Жетісу» газеті (Жетісу облысы)

Жылдың үздік журналистік зерттеуі (Сейдахмет Бердіқұлов атындағы арнайы номинация):

  • Талғат Батырхан - «Егемен Қазақстан» газеті
  • Карина Негметова - Kokshetau.info (Ақмола облысы)
  • Анна Величко - Golos-naroda.kz
  • Евгения Максимова - Zhaikpress.kz (Батыс Қазақстан облысы)

Жылдың үздік аналитикалық материалы:

  • Ерік Рахым - Nege.kz
  • Сұлугүл Бакесова - Forbes Kazakhstan
  • Меруерт Сарсенова - Kapital.kz
  • Жанель Жазетова - Informburo.kz

Жылдың үздік жаңалықтар порталы:

  • Nege.kz
  • Stan.kz
  • Nur.kz
  • Golos-naroda.kz

Радиостанциядағы үздік жоба:

  • «Жаңа ФМ» радиосы - «Зеленая волна» бағдарламасы (Қарағанды қ.)
  • «Astana FM» радиоарнасы - Ақпараттық-әлеуметтік бағдарламасы
  • «Orda FM» - «Zhas STAR» бағдарламасы
  • «Той Думан» радиосы - «Беташар шоу»

Жылдың үздік фотосуреті:

  • Досжан Балабекұлы
  • Владимир Третьяков
  • Валерий Бугаев 
  • Самат  Құсайынов

Үздік өңірлік БАҚ:

  • «Jetisy» газеті (Жетісу облысы)
  • «Алатау арайы» газеті (Қонаев қаласы)
  • «Панорама Шымкента» газеті (Шымкент қаласы)
  • «Сыр бойы» газеті (Қызылорда облысы)

Үздік халықаралық БАҚ (баспа радио интернет-журналистика саласындағы):

  • «Қазақ елі» журналы (Түркия)
  • Баян-Өлгий аймағының бұқаралық радиосы (Моңғолия)
  • «Шүйдің нұры» газеті (Ресей)
  • «Нұрлы жол» газеті (Өзбекстан)

Үздік подкаст:

  • «Zere» - Мәншүк Асаутай
  • «Dope Soz» - Жомарт Аралбайұлы, Арсен Түсіпбек
  • «OY-DETOX» - Әйнел Әмірхан
  • «Momski әңгіме» - Жетен Даурен 

Үздік YouTube каналы:

  • Абай Сейфоллаұлы - «Abay Live»
  • Ренат Ташкинбаев - Студия «Другие места»
  • Байдалы Жазира - «Sayahat Time»
  • Болат Бұхарбай - «Jaqsy Bolady»

«URKER-2023» Ұлттық бәйгесінің жеңімпаздары 22 қыркүйек күні белгілі болады. Лауреаттарды марапаттау рәсімі Астана қаласы «Қазмедиа» орталығында өтеді. Жеңімпаздарға «URKER» естелік мүсіншесі және бір миллион теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлық табысталады.

Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы жетістіктері үшін берілетін қазақстандық Ұлттық «URKER» сыйлығы талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлесін мойындау және олардың шығармашылығына қоғамның назарын аудару мақсатында 2017 жылы тағайындалған.

Байқау ұйымдастырушылары - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры. Іс-шараның демеушілері – «Қазақстан» РТРК және «Хабар «Агенттігі» АҚ.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген