Астанада күзетші 20-қабатта ілініп тұрған баланы құтқарып қалды
Әлеуметтік желілерде «Highvill Astana» тұрғын үй кешенінің терезе жақтауында ілініп тұрған баланы құтқару сәтінің видеосы тарап жатыр.
19 қыркүйек күні сағат 16:00 шамасында «Ramad» ЖШС пультіне – аға кезекші Төреқұлов Нарұл Батырқұлұлына аталған үйдің С блогында 20-қабаттағы терезеде бала ілініп тұрған туралы ақпарат түскен.
Күзетші дереу жоғарыға көтеріліп, пәтерге енген. Баланы терезе жақтауынан тартып алып, ішке кіргізген. Солай, оның өмірін сақтап қалды.