"Құранды қорғаған тұңғыш қазақ": Нұрлан имам БҰҰ-да қасиетті кітапты қорғау мәселесін көтерген Президентті қолдады

21.09.2023, 11:17
929
"Құранды қорғаған тұңғыш қазақ": Нұрлан имам БҰҰ-да қасиетті кітапты қорғау мәселесін көтерген Президентті қолдады stan.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-да мұсылмандар үшін қасиетті кітап Құранды қорғау мәселесін көтерді. Мемлекет басшысының бұл әрекеті дінтанушы Нұрлан Байжігітұлын тәнті етті.

Мемлекет басшылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясы аясындағы жалпы дебатта Құранның мұсылман қауымы үшін қадірі туралы айтып, қасиетті кітаптың құқықтық тұрғыда қорғалуы туралы ұсынысын жеткізді.

“Жуырда қасиетті кітаптарға құрметсіздік таныту актілері болды. Біз осы жағдайға алаңдаулымыз. Ислам және басқа да діндерге қатысты жасалған мұндай варварлық әркеттерден еркіндіктің, сөз бостандығының және демократияның нышаны білінбейді. Құран секілді қасиетті кітаптардың бәрі вандализмнен құқықтық тұрғыда қорғалуға тиіс. Түптеп келгенде, бейбітшілік мәдениеті тек “бірлігіміз – әралуандығымызда” және өзара құрмет қағидаттарына негізделе алады”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің мінберде тұрып Құран туралы айтқан сәтін Нұрлан Байжігітұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

“Әлем мінберінде құранды қорғаған тұңғыш қазақ. Біздің президентіміз, мемелекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-да осы туралы сөз қозғады. Менің ойымша, сол үлкен мінберден әлем патшаларының ешқайсысы бұл туралы айтқан жоқ. Әрқайсысы жерін, дүниесін, елін айтты. Бірақ ол бүкіл мұсылманға тиесілі Құранды қорғап, вандализмнен сақтау кергін алға тартып, оның ұлтаралық, халықаралық ынтымаққа алып келген қасиетті кітап екенін айтты. Өте салмақты сөз сөйледі. Сондықтын оның бұл ісі кімге болса да үлгі”, – дейді Нұрлан имам.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды