Енді Назарбаев университеті мен мектептерін тексеруге болады

21.09.2023, 13:14
704
Енді Назарбаев университеті мен мектептерін тексеруге болады project-acceled.com

Бұдан былай Назарбаев университеті мен Назарбаев Зияткерлік мектептерін тексеруге болады. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров айтты, деп хабарлады smartnews.kz сайты.

Бүгін Сенатта «Қоғамдық бақылау» туралы заң мен ілеспе құжат мақұлданды. Данияр Қадыровтың пікірінше, заң жобасы қоғамдық бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.

Қоғамдық бақылау нысандарына мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар мен емхана, мектеп, мемлекеттік қызмет ұсынатын ұйымдар жатады. Үкіметтің қатысы бар мекемелерді де тексере аласыз. Мектепті тексеруге барам десеңіз, сол мектептің басшылығына нені тексергіңіз келетінін айтып хат жазасыз. Содан кейін уақытын белгілейсіз, - деді министрдің орынбасары Сенат кулуарында.

Ол заңның нормасын қарапайым тілде түсіндіруге тырысты.

«Мысалы, асханада балаңыз уланып қалды дейік. Сол мекемені тексергіңіз келсе, мектеп басшылығы асханадағы тазалықты сізге аралатып көрсетуі керек. 10 күннен кейін сіз қорытынды жасап, олқылықтар мен кемшіліктерді жою үшін мектеп басшылығына хат жазып жібереcіз.

Мектеп басшылығы сізге 10 күн ішінде жауап беруге тиіс. Бұл жауап электронды алаңдарда ашық көрсетілуі керек. Әр азамат білім ордасына өзі жалғыз барып, тексере алады. Оның ішіне Назарбаев университеті мен мектептері де кіреді, - деді Данияр Қадыров.

Осылайша, қазақстандықтар қоғамдық бақылауды күшейте алады әрі бұл мемлекеттік ұйымдардың ашықтығын көрсетеді. Алайда мекемені тексеру үшін нақты себеп керек.

Егер мемлекеттік ұйымдар жайлы барлық ақпарат электронды түрде жарияланса, барып тексерудің де қажеті жоқ. Ал нақты сұрақтар мен мәселе туындаса, қазақстандықтар барып тексере алады, - деді вице-министр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Назарбаев университетін тексере алмайтынын мойындап, заңға өзгеріс енгізілетінін айтқан еді.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді