Швейцарияда бетті жауып тұратын киім киюге тыйым салынды

21.09.2023, 15:34
641
Швейцарияда бетті жауып тұратын киім киюге тыйым салынды pexels.com

Швейцарияда бетті жауып тұратын паранжа мен никаб киюге тыйым салынды. Бұл туралы Bloomberg порталы хабарлайды.

Тиісті заңды жалпы референдумнан екі жыл өткен соң Швейцария парламенті қабылдады. Жаңа тыйым қоғамдық орындарда осындай киім кигендерге 1000 франкке дейін (500 мың теңгеден астам) айыппұл салуды қарастырады.

Бұл заң сонымен қатар бетті тұмшалайтын кез келген басқа киімге немесе бас киімге де қатысты.

Референдум кезінде бұл ұсыныс мұсылман топтары тарапынан сынға ұшырады. Мұсылман әйелдер ұйымының өкілі Инес Эль-Ших Швейцарияда 30 әйел ғана паранжа киетінін, ал Швейцарияның Орталық Ислам кеңесі мұндай референдум елде мұсылмандарға қарсы өшпенділіктің кең таралғанын көрсетеді деп мәлімдеме жасады.

Бетті жабуға діни рәсімдер кезінде, сондай-ақ медициналық жағдайлар мен карнавалдық маскалар ретінде қолданылған кезде ғана тыйым салынбайды.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады