557

Алматыда әнші Төреғали Төреәлінің ісіне қатысты сот отырысы өтті

Алматы қаласы Түркістан аудандық сотында атышулы әнші Төреғали Төреәлінің ісі қайта қаралып жатыр. Бұл туралы smartnews.kz сайты Алматы соттарының Facebook-тағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Алматыда әнші Төреғали Төреәлінің ісіне қатысты сот отырысы өтті
toregalitoreali

“Алматы қаласы Түркістан аудандық сотында Т. Әлихановқа қатысты (Төреғали Төреәлі) ҚК 378-бабы 1-бөлігі бойынша (Билік өкілін өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде қорлау) қылмыстық іс қаралып жатыр”, – делінген жазбада.

Төреғали Төреәлі қазіргі уақытта еркіндікте. Оған тағайындалған бұлтартпау шарасына сәйкес әнші әрбір сот отырысына уақытша ұстау изоляторынан емес, үйінен келеді.