Ақмола облысында ауыл тұрғыны құрамында алтыны бар материалды заңсыз өңдеген
Ақмола облысында құрамында алтыны бар материалды қайта өңдеп келген шағын цех жойылды, деп хабарлады smartnews.kz сайты.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, заңсыз өндірісті ауылдың 50 жастағы тұрғыны жүргізген. Полиция қызметкерлері ұсақтау аппараты мен басқа да жабдықтарды ақмолалықтың тұрғылықты жерінен тапты.
Бұл фактіні құқық қорғау органдары ҚР ҚК-нің 295-1-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркеді. Тергеу шаралары жалғасып жатыр.