828

Antikor: «Жыл басынан бері 112 мемлекеттік қызметкерге 35 миллион теңге айыппұл салынды»

Антикор заң бұзушылықтарға қатысты жаңа мәлімдеме жасады. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Antikor: «Жыл басынан бері 112 мемлекеттік қызметкерге 35 миллион теңге айыппұл салынды»
ашық дереккөзден

Көбінесе мемлекеттік қызметкерлер кәсіпкерлікке қатысты заңбұзушылықтарға іліккен. Мәселен, Алматыда кәсіпкерлік субъектілерге заңсыз актілерді шығарғаны үшін қала құрылысын бақылау басқармасының басшылары жауапқа тартылды.

Ал пара алу фактісі туралы хабарлағандарға 2023 жылы 13,9 млн теңге төленген. Жемқорлар туралы ең көп хабарлағандар – Батыс Қазақстан облысының тұрғындары. Олар қылмыс туралы ведомствоны құлағдар етіп, 4,8 млн алған.