Қазақстанда 2025 жылы ауыл шаруашылығы санағы өтеді
Екі жылдан соң ауыл шаруашылығы санағы өтеді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.
Ұлттық статистика бюросы елдегі ауыл шаруашылығына қатысты мәлімет жинау үшін “ұлттық ауыл шаруашылығы санағын” өткізу туралы қаулыға қол қойды.
Санақ 2 кезеңді қамтиды:
онлайн сауалнама – 2025 жылдың 1 тамызынан 31 тамызына дейін;
Интервьюерлер арқылы өту - 2025 жылдың 20 қыркүйегі мен 20 қазаны аралығында.
Бұл үшін үкіметтің қанша ақша жұмсайтыны әзірге белгісіз.