3103

Атырауда баланы әкесінің бауыры зорлаған боп шықты

Атырау тұрғыны екі баласына ата-аналық құқығы үшін күресуде. Екі баласының бірін өз растауынша күйеуінің бауыры зорлаған. Бұл туралы smartnews.kz сайты azh.kz газетіне сілтеме жасай отыра хабарлайды.

Атырауда баланы әкесінің бауыры зорлаған боп шықты
azh.kz

Атырауда 7 жасар баланы зорлау оқиғасы былтыр жаңалықтарда айтылған болатын. Зорлық-зомбылық құрбандарын қолдайтын «НеМолчи.kz» қоғамдық қорының жетекшісі Дина Тәңсәрі бұл туралы Facebook парақшасында айтқан. Бұл жаңалықпен жергілікті атыраулық БАҚ пен блогерлер де егжей-тегжейсіз бөлісті.

Алайда, бірнеше ай қаралған  соң қылмыстық іс жабылған. Полиция департаменті нақтылағандай, «жәбірленушінің уәждері расталмаған». Оның үстіне, анасы енді зорлаушының жазалануы үшін емес, балаларына қамқорлық жасау үшін күресуге мәжбүр.

- Күйеуім деп айтуға аузым бармайды, жолдасым сол күні мені қатты ұрып-соқты. Менің сөздерімді бүкіл отбасына көрсеткен қорлық деп санады. Содан бері күнде жанжал, күнде ұрып-соғатын болды, үнемі көгала болып жүрдім. Үйдегілердің бәрі ренжулі болды, тіпті жақсы қарым-қатынаста болған қайын енем де маған тіл тигізе бастады, - дейді баланың анасы.