Қазақстан Бас Прокуратурасының өкілдері Интерпол қызметкерлерімен кездесті

23.09.2023, 09:51
669
Қазақстан Бас Прокуратурасының өкілдері Интерпол қызметкерлерімен кездесті gov.kz

Интерпол құқық қорғау ұйымы мен Бас прокуратура өкілдері кездесті. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

2023 жылғы 21-22 қыркүйек аралығында Бас Прокурордың орынбасары Ұлан Байжановтың төрағалығымен Бас прокуратура делегациясының Францияның Лион қаласындағы Интерпол штаб-пәтеріне сапары өтті.

Сапар аясында Интерпол полиция қызметінің атқарушы директоры – Интерпол Бас хатшысының орынбасары Стивен Каванмен және Интерполдың қаржылық қылмыстар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес орталығының директоры Исаак Кехинде Огиннимен кездесу өтті.

Тараптар Қазақстаннан заңсыз шығарылған активтерді іздеу, оларға, тыйым салу және қайтару ісінде Интерполдың цифрлық және жедел мүмкіндіктерін пайдалану туралы уағдаласты.

Интерпол әлемдегі ең ірі құқық қорғау ұйымы, оның құрамына 195 ел кіреді. Бұл көрсеткіш бойынша Интерпол БҰҰ-дан кейінгі екінші орында.  

Сонымен қатар, Интерпол аймақтық құқық қорғау ұйымдарымен (Еуропол, Карин және т.б.) кеңінен ынтымақтасады.

Интерполдың әлеуеті Қазақстанның активтерді іздеу және қайтару мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады