Ақтөбелік полицейлер ТМД бойынша іздеуде жүрген 12 қылмыскерді ұстады

23.09.2023, 10:31
818
Ақтөбелік полицейлер ТМД бойынша іздеуде жүрген 12 қылмыскерді ұстады polisia.kz

Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің аумағында 20-21 қыркүйекте өткізілген “Іздестіру ТМД – 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Ақтөбе полицейлері өзге елдердің аумағында қылмыс жасаған 12 іздеудегі адамды анықтады. Бұл туралы smartnews.kz сайты polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ұсталғандардың ішінде алты адам шетел азаматы болса, қалғандары Қазақстан азаматтары. Олар Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан аумақтарында түрлі қылмыстар жасағаны үшін осы елдердің ішкі істер органдарымен мемлекетаралық іздеуге жарияланған. 

Іздеудегілер Ақтөбе қаласынан және Ресеймен шекаралас Мәртөк, Қарғалы аудандарының аумақтарынан ұсталды. Ұсталғандардың ішінде аса қатігездікпен адам өлтірумен қатар, қылмыстық заңнаманың қарақшылық, ұрлық, алаяқтық, заңсыз көші-қонды ұйымдастыру сияқты баптарымен іздеудегілер бар.

Мысалы, 21 қыркүйекте Ақтөбе қаласында полицейлер өз елінде қылмыс жасағаны үшін үш жылдан бері іздеуде жүрген Өзбекстан Республикасының 35 жастағы азаматын ұстады. Шетелдік азамат ұрлық қылмыстарын жасағаны үшін өз елінде бірнеше рет сотталған.

2020 жылы Қарақалпақстан аумағында пәтер ұрлығын жасағаны үшін Өзбекстан Республикасының ішкі істер органдармен іздеуге жарияланып, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалған.

Қазіргі таңда ұсталған шетелдік азамат Ақтөбе қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды, оны Өзбекстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды