Сергекке 6,5 миллион теңгеден астам берешегі бар көлік ұсталды
Полицейлер "Қорғау" бағдарламасының көмегімен төленбеген 6,5 миллион теңгеден астам берешегі бар жүргізушіні анықтады. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.
Түркістан облысы ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Бағланбек Айтпаевтың айтуынша, Түркістан облысының патрульдік полиция батальон қызметкерлерінің планшеттеріне "Қорғау-қауіпті жүргізуші" мобильдік бағдарламасы арқылы төленбеген айыппұлдары бар "Фольксваген Пассат" маркалы автокөлік туралы ақпарат берілді.
Тәртіп сақшылары ақпарат бойынша бірден іске кірісіп, аталмыш көліктің жүрген жерін анықтап, «Шымкент-Самара» тас жолында тоқтатқан.
«Түркістан облысының полицейлері көлік құралдарының жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және салынған әкімшілік айыппұлдарды уақтылы төлеуге шақырады»-деп атап өтті Бағланбек Айтпаев.