1091

Тамара Дүйсенова: "Зайытовтың төменгі айлыққа қатысты ұсынысы экономиканың деңгейіне сай келмейді"

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытовтың ең төменгі айлыққа қатысты сауалына премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова жауап берді. Бұл туралы smartnews.kz сайты arbat.media-ға сілтеме жасай отыра хабарлайды.

Тамара Дүйсенова: "Зайытовтың төменгі айлыққа қатысты ұсынысы экономиканың деңгейіне сай келмейді"
smartnews.kz

«Ең төменгі еңбекақы – біліктілігі жоқ жұмысшының еш үстемеақысыз айлығы. Яғни, әр жұмыс беруші осыдан төмен төлемеуі керек. Еңбек инспекциялары тексерген кезде мұндай факті анықталса, айыппұл салынуы мүмкін», – дейді вице-премьер.

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытовтың "ең төменгі айлық 300 мың теңге болуы керек" деген ұсынысы экономиканың деңгейіне сай келмейді.

«Мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктерін ескеру керек. Қазір орташа айлық 365 мың теңгеден сәл жоғары. Осыдан алсақ, біздің экономкика деңгейі мен жұмыс берушілер осындай деңгейде ғана төлей алады. Бізде (ең төменгі еңбекақы – ред.) 3-4 жыл бұрын 28 мың теңге болған. Кейін 42 500-ден 60 мың, 70 мың болып өсті. Енді 85 500 ету қарастырылып отыр. Бұл алдыңғы көрсеткіштерге қарағанда өсім ғой», – дейді Тамара Дүйсенова.