Мысықты азаптап, боқтық сөздерімен видео таратқан 12 жасар балаға полиция жаза тағайындады
Маңғыстауда 12 жастағы бала балағат сөздер айтып, мысықты азаптаған. Бұл туралы smartnews.kz сайты mangystaumedia.kz басылымына сілтеме жасай отыра хабарлайды.
18 қыркүйекте облыстық полиция департаменті әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізді. Мониторинг барысында баланың әдепсіз сөздер айтып, мысықты азаптап жатқан видеосын көрген.
Полиция қызметкерлері видеодағы баланың кім екенін анықтады. 12 жастағы кәмелетке толмаған жасөспірім және оның заңды өкілдерімен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, ҚР ӘҚБтК-нің 127 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.