524 қазақстандық спортшы Азияда-2023 ойындарында бақ сынайды

23.09.2023, 19:55
1233
524 қазақстандық спортшы Азияда-2023 ойындарында бақ сынайды gov.kz

Еліміздің делегациясы олимпиада ашылуына қатысты. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Қытайдың Ханчжоу қаласында XIX жазғы Азия ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шара 80 мың адамға арналған «Үлкен лотос» деп аталатын олимпиадалық спорт түрлерінің орталық стадионында өтті.
 
Азиада-2023 ашылу салтанатына ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, сондай-ақ ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, Азияның ондаған елдерінен шақырылған көшбасшылар мен лауазымды тұлғалар қатысты.
 
Ашылу салтанатында театрландырылған қойылымдар, цифрлы отшашу және Азия ойындарының алауын жағу рәсімі мен командалардың шеруі болды. Қазақстан құрамасының сапында  бокстан әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов және жеңіл атлетикадан әлем чемпионатының қола жүлдегері Надежда Дубовицкая Мемлекеттік Туды көтеріп шықты.

«Бүгін сары құрлық XIX Азия ойындарының ашылу салтанатын тамашалады. Біздің команданың алдында жанкүйерлердің үмітін ақтау және өткен Азиада нәтижелерінен асып түсу міндеті тұр. Қазақстан құрамасы бұл жарыстарға ұзақ уақыт дайындалды, бірақ жұмыс мұнымен аяқталмайды. Спортшылар медаль үшін күреседі, ал біз өз кезегінде шетелдік әріптестерімізбен бірқатар екіжақты кездесулер өткізуге ниеттіміз»,– деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Еске салсақ, Ханчжоудағы Азиадаға Қазақстаннан спорттың 30 түрінен 524 спортшы (262 ер және 262 әйел) қатысады. Оның 27-сі олимпиадалық бағдарламаға, қалған 3-і олимпиадалық емес спорт түрлерінен сынға түседі. Сонымен қатар, алдағы жарыстарда 8 спорт түрінен: бокс, садақ ату, қазіргі бессайыс, жүзу, брейкинг, көгалдағы хоккей, теннис және жеңіл атлетика бойынша Париж Олимпиадасына  лицензиялар ойналады.
 
Жалпы алғанда, Азияның 45 елінен 15 мыңнан астам спортшы 40 спорт түрінен 481 медаль жиынтығына таласады.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды