Елімізде тұңғыш рет Халықаралық журналистика мектебі ашылды

23.09.2023, 20:13
708
Елімізде тұңғыш рет Халықаралық журналистика мектебі ашылды

Бүгін ҚР Президентінің Телерадиокешені мен Maqsut Narikbayev University бірлесуімен Астанада Халықаралық журналистика мектебі салтанатты түрде ашылды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Халықаралық журналистика мектебі - Қазақстандық БАҚ үшін шығармашылық және техникалық мамандарды даярлау мақсатында ҚР Президенті ТРК-мен бірге жүзеге асырылған жоба. Биылғы алғашқы оқу жылына 201 студент қабылданып, оның 20-сы Президент ТРК мен «Dara» Президенттік бастамалар қорының грантына ие болған еді.

Мектептің ашылуына ҚР Президентінің Кеңесшісі - Баспасөз хатшысы Берік Уәли, ҚР Президентінің Телерадиокешені Бас директоры Раушан Қажыбаева, АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэниел Розенблюм, сондай-ақ бірнеше мемлекеттердің елшілері мен өкілдері қатысқан.

«Қазіргі ашылып отырған Халықаралық журналистика мектебі – студенттерге осы салада үлкен мүмкіндіктер ашатынына сенімдімін. Өйткені 70 пайызы ағылшын, 30 пайызы қазақ және орыс тілдерінде оқытылады екен. Жалпы бұл халықаралық деңгейде білім алып, көкжиек кеңейтетін мықты жоба. Осындай ауқымдағы, журналистика бағытындағы факультет Қазақстанда тұңғыш рет ашылып жатыр. Осы жерден шыққан мамандар кейінгі буынға үлкен бір мектеп қалыптастыратынына сенімдімін» - деді ҚР Президентінің Кеңесшісі - Баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Оқыту жеке пәндер бойынша қазақ және орыс тілдерінің элементтерімен ағылшын тілінде өтеді. Болашақ журналистерге арналған оқу бағдарламасы Columbia University, Berkeley University, Princeton University, City University of London университеттерінде қолданылатын үздік әлемдік тәжірибе негізінде әзірленген. Жаңа мектептің білім беру бағдарламасында БАҚ-ғы соңғы тенденцияларына сай журналистиканың заманауи әдіс-тәсілдерін меңгеруге ерекше мән берілген.

Студенттерге тәжірибе алу мүмкіндігін Президент ТРК-не қарасты «Jibek Joly» телеарнасы, «ҚазАқпарат» ақпараттық агенттігі және «Деректі фильмдер орталығы» ұсынып отыр. 

Сондай-ақ студенттерге Columbia University, University of Cambridge, New York Film Academy, Mississippi Valley State University және Michigan State University USA түлектері дәріс оқиды.

Еске сала кетсек, ҚР Президентінің Телерадиокешені мен Maqsut Narikbayev University-дің бірлесіп жасаған Халықаралық журналистика мектебі - дарынды жастарды қолдау мен кәсібилікті шыңдауға арналған, оған қоса қоғам мен мемлекеттің заманауи коммуникативті қажеттіліктеріне жауап беретін журналистік корпусты қалыптастыруға арналған тұңғыш жоба.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды