726

Астанада заңсыз жолды жапқан тұрғындарға айыппұл салынды

Астаналықтар жолдың бір бөлігін жауып тастады. Құқық бұзушылар анықталып, айыппұл салынды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Астанада заңсыз жолды жапқан тұрғындарға айыппұл салынды
police__astana

Елорда тұрғындары 23 қыркүйек күні кешке жолдың бойына шығып алған.
Осылайша, олар «Кент» кафесінің иесі үй мен мекеменің арасына шағын қоршау орнатқанына наразылық білдірген. Жол бойын бірнеше минут бойы бөгеген тұрғындар апатты жағдай туғызып, көлік қозғалысына кедергі келтірген. Олар жол қозғалысына қатысушылардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндірді, сонымен қатар жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған.

Олардың әрекеті заңсыз болғандықтан қоғамдық тәртіпті бұзушылар жауапқа тартылып, айыппұл салынды. 

— Мұндай іс-әрекетке жол берілмейді, өйткені ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Мұндай заңсыз әрекеттер заңның барлық қатаң тәртібімен жазаланады. Елорда тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық тәртіпті сақтауға және даулы мәселелерді тек құқықтық тұрғыда шешуге шақырамыз, - делінген Астана полиция департаментінің мәлімдемесінде.