Атырауда орта ғасырлық қала орны табылды
Атыраудағы экспедиция нәтижесінде ескі қала орны табылды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.
Атырау облысы әкімі С.Шәпкеновтың
төрағалығымен 2023 жылғы 11 тамызда өткен «Сарайшық музей қорығының даму жоспары мен ортағасырлық Сарайшық қалашығының мәселелері» тақырыбындағы жиынның хаттамасына сәйкес Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейіне ортағасырлық Сарайшық қалашығына археологиялық қазба жұмыстарын ұйымдастыру тапсырылған болатын.
Осыған орай 4-ші қыркүйектен бастау алған Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің жанынан құралған экспедиция өз жұмысын жалғастыру үстінде.
Қазба жұмыстары барысында орта ғасырлық үйлердің қабырғалары, тандыр пеш орындары, қыш ыдыс түрлері, сүйек бұйымдар, орта ғасырлық монеталар табылу үстінде.
Материал авторы