699

Тауда жоғалған жасөспірімдер табыла ма?

Тауда адасқан 16 жастағы екі жасөспірім құтқарушылардың көмегінің арқасында үйлеріне аман оралды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Тауда жоғалған жасөспірімдер табыла ма?
qr_tjm

23 қыркүйекте Іле Алатауы тауларында Көк-Жайлау - Үш ағайынды - Күмбел бағытымен келе жатқан екі жасөспірім жоғалып кетіп, жедел құтқару тобы іздеуге шықты.

Жасөспірімдер Күмбел шыңы аймағында таудағы үйдің бірін паналаған. 

— Құтқарушылар оларға жылы шұлық беріп, киімдерін кептіріп, таудан түсіруге кірісті. Құтқарушылар еске салады: тауға шыққан кезде қалаға оралу уақытын есептеңіз, - делінген ТЖМ хабарламасында.