"Ұлы үйлену керек болатын": Индира Елемес марқұм композитор Арман Дүйсенов жайлы айтты

25.09.2023, 11:13
8165
"Ұлы үйлену керек болатын": Индира Елемес марқұм композитор Арман Дүйсенов жайлы айтты indiraelemes

Биылғы жылдың қаңтарында танымал қазақстандық композитор Арман Дүйсенов өмірден өткен болатын.

Әнші Индира Елемес "Қызықты weekend" бағдарламасында композитордың үлкен ұлы үйленіп, қызы тұрмысқа шығатынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қателеспесем, Арман Дүйсеновпен 2015 жылдан бері жақсы араластық. Отбасымызбен жақсы араластық. Ол кісі осы студияда болды. Өмірден өтерінен бір күн бұрын сөйлестік. Таңертең "Ағаң кетіп қалды" деп хабарласты. Қалай қайтыс болды деп, түсіне алмадым. Ол кісі Стамбулға кетуі керек болған еді. Билет алынып қойған еді. Енді Алланың жазғаны. Күнде көріп жүрген адам болғасын, көңіліме алып қалдым. Ол кісі туралы айту әлі де қиын. Қайтыс болғаннан кейін ол кісіге кірген болатынмын. Ол картина көз алдымнан кетпейді", - деді Индира Елемес.

Сонымен қатар Индира Елемес композитордың жары Айсұлумен араласып тұратынын жеткізді.

"Қызы Лондонда оқитын еді. Оқуын бітірді. Қазір жұмысқа орналасайын деп жатыр. Үлкен ұлы үйлену керек болатын. Осы жағдайдан кейін шегеріп отыр. "Жылдық асы өтпейінше, жасай алмаймыз" деп шегеріп отыр. Негізі сол кезде үйленуі керек болатын. Кіші ұлы мектепте. Айсұлу ханымға өте ауыр, қиын. Ол кісі "Әлі де өмірден өткеніне сенбеймін. Келіп қалатын сияқты. Енді жоқ екенін сезініп жатырмын" дейді. Қызы да тұрмысқа шыққалы жатыр", - деді Индира Елемес. 

Астанадағы қиранды стадион олигархтардан қайтарылған ақшаға қайта салынып жатыр Иран Халықаралық атом энергиясы агенттігімен «достығын» тоқтатты Жаңа шектеу: Қыркүйектен бастап аударымдар бақылауға алынады Ресей мен Иранның әрекеті сабақ болды: Ұлыбритания соғысқа жаппай дайындықты бастады Қазақстанның 12 өңірінде шілдеде құрғақшылық күтіліп отыр Путин «иноагенттерді» шетелде жүргенде де жазалайтын заңға қол қойды Әскерге сау кетіп, мүгедек болып оралған Ербаян Мұхтар аяққа тұра бастады (ВИДЕО) Ашулы Трамп Израиль мен Иранды боқтап жіберді Сағындырған LRT… Астаналық бұзақылар LRT вагондарына сурет салып кеткен Шерзаттың өліміне кінәлі сотталушылар апелляциялық шағым түсірді «Тарихи жеңіс емес»: АҚШ атқылаған Иранның ядролық базалары аса қатты зақымдалмаған боп шықты Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Байқамай қалдым»: Алматыда зейнеткер әжені көлік қағып өлтірді Мұхтар Мағауиннің ұлы Мағжан Мағауин дүниеден өтті «Қызым маңдайымен туды, кіндігі үш рет оралған»: ZAQ отбасылық сынақ туралы айтты «Бұл – оның соңғы суреті»: Белгілі КВН ойыншысы қаза болды Израиль Иранды бітім шартын бұзды деп айыптады «Алты баласы қалды, кенжесі бес айлық»: Кішкентай қызды құдықтан құтқармақ болған марқұм бапкер туралы тың ақпарат айтылды Астанада жартылай жалаңаш қыз Министрліктер үйіне қарама-қарсы шатырда би биледі Атырауда ер адам подъезде никабтағы қызды аяусыз соққыға жыққан (ВИДЕО)