Қазақстан шетелге 7 айда 14,2 млрд доллардың өңделген тауарын сатқан

25.09.2023, 15:34
946
Қазақстан шетелге 7 айда 14,2 млрд доллардың өңделген тауарын сатқан ОКҚ

Биылғы 7 айда Қазақстан 14,2 млрд доллардың өңделген тауарын сатты. Шетелге экспортталған шикізаттық емес тауар айналымы туралы сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев ОКҚ алаңында баяндап берді.

Оның айтуынша, 2023 жылғы қаңтар-шілдеде Қазақстанның шикізаттық емес тауарларының айналымы 46,7 млрд доллар болды. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 21,7% көп.

“Биыл 7 айда шикізаттық емес тауарлардың экспорты 14,2 млрд доллар болды. Қызметтер экспортының көрсеткіші – 2,1 млрд доллар. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,7% өскені. Шикізаттық емес тауарлардың үздік үштігіне мыс пен мыс катодтары (олардың үлесі 12,9%), ферроқорытпалар (10,2%), уран (9,4%) енді”, - деді Қайрат Төребаев.

Вице-министр тауар себетін әртараптандырудың, экспорт географиясының кеңейгенін де атап өтті.

"Негізгі нарықтар – дәстүрлі түрде Ресей, Қытай, Өзбекстан, Түркия және Нидерланды. Еуропалық одақ елдеріне, Қытайға және Орталық Азия елдеріне жеткізілімдердің айтарлықтай өсуі тіркелді", - деді ол.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды