Нұржан Керменбаев кезінде марқұм Жанар Хамитоваға не себепті қолдау көрсетпегенін түсіндірді

25.09.2023, 16:23
14294
Нұржан Керменбаев кезінде марқұм Жанар Хамитоваға не себепті қолдау көрсетпегенін түсіндірді stan.kz

Танымал әнші Нұржан Керменбаев Нұржан Еркінұлына берген сұхбатында марқұм әнші Жанар Хамитова туралы дауға қатысты жауап берді.

Жақында Нұржан Керменбаевтың “Өткен шақ” атты альбомы жарыққа шыққан болатын. Өнер иесі аталмыш альбомды бұрын жүрген қыздарна, кейбір әндер Жанар Хамитоваға арналған.

“Альбомдағы “Сен кеткелі” деген ән Жанарға арналады. Оны еш жасырмаймын, әнді тыңдаған адам өзі түсінеді. Маған әлі күнге дейін “Жанар Алматыға келіп, шығармашылыққа қайта оралған кезде, “Астарлы ақиқатқа” келгенде неге қолдамадың?” деп жазатындар бар. Сондай хейт жауды. Біріншіден, ол кезде қателеспесем, менің екі балам, отбасым, келіншегім бар. Сөйте тұра мен ескі махаббатыммен бұрынғыны езгілеп отыруым керек пе? Оны отбасым дұрыс түсінбейді. Екіншіден, осы күнге дейін қасықтап жинаған абыройымды сол бағдарламаға барып, солардың рейтингі үшін төкпеймін. Маған журналист: “Жанар келді. Сіз де келсеңіз” деп хабарласты. Мен бірден бас тарттым. Сонда: “Неге, мүмкін ойланасыз” деді. Ойланатын түгі жоқ, оның өзінің белігілі бір себептері бар. Сонымен тақырып жабылды. Мен үшін қазіргі отбасым маңызды. Жанардың да бұрындары отбасы, екі баласы болған”,- дейді Нұржан Керменбаев.

Өнер иесі араға уақыт салып, не себепті жан сырын ақтарып отырғанын да түсіндіре кетті.

“Өткен шақ” деген альбомды бұрын жүрген қыздарға арнадым. Мен альбом жасардың алдында келіншегіммен сөйлестім. “Альбомның концепциясы осындай болады. “Өткен шақ” ескі махаббаттарыма арналады. Соның ішінде Жәкең де бар” деп айттым. Келіншегім: “Журналистерге бір нәрсе айтпас бұрын менің бір сұрағыма жауап берсеңіз, альбомды жасай беріңіз” деді. “Маған дейін қанша қызбен кездестіңіз?” деп сұрады. Басында бұл сұрақтан қашқақтағаныммен, болмады. “Он шақты” деп жауап бердім. Сол себепті қазір бұл туралы ашық айтып отырмын. Бірақ ол кезде менің келіншегім Назерке мұны дұрыс түсінбес еді. Мен келіншегімді кездестірмес бұрын, белгілі бір тәжірибеден өтуім керек болды. Сөйтіп барып ханшайымымды таптым”, – дейді өнер иесі ағынан жарылып.

 

Астанадағы қиранды стадион олигархтардан қайтарылған ақшаға қайта салынып жатыр Иран Халықаралық атом энергиясы агенттігімен «достығын» тоқтатты Жаңа шектеу: Қыркүйектен бастап аударымдар бақылауға алынады Ресей мен Иранның әрекеті сабақ болды: Ұлыбритания соғысқа жаппай дайындықты бастады Қазақстанның 12 өңірінде шілдеде құрғақшылық күтіліп отыр Путин «иноагенттерді» шетелде жүргенде де жазалайтын заңға қол қойды Әскерге сау кетіп, мүгедек болып оралған Ербаян Мұхтар аяққа тұра бастады (ВИДЕО) Ашулы Трамп Израиль мен Иранды боқтап жіберді Сағындырған LRT… Астаналық бұзақылар LRT вагондарына сурет салып кеткен Шерзаттың өліміне кінәлі сотталушылар апелляциялық шағым түсірді «Тарихи жеңіс емес»: АҚШ атқылаған Иранның ядролық базалары аса қатты зақымдалмаған боп шықты Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Байқамай қалдым»: Алматыда зейнеткер әжені көлік қағып өлтірді Мұхтар Мағауиннің ұлы Мағжан Мағауин дүниеден өтті «Қызым маңдайымен туды, кіндігі үш рет оралған»: ZAQ отбасылық сынақ туралы айтты «Бұл – оның соңғы суреті»: Белгілі КВН ойыншысы қаза болды Израиль Иранды бітім шартын бұзды деп айыптады «Алты баласы қалды, кенжесі бес айлық»: Кішкентай қызды құдықтан құтқармақ болған марқұм бапкер туралы тың ақпарат айтылды Астанада жартылай жалаңаш қыз Министрліктер үйіне қарама-қарсы шатырда би биледі Атырауда ер адам подъезде никабтағы қызды аяусыз соққыға жыққан (ВИДЕО)