Экс-министр Дархан Қыдырәлі сенат депутаты болып тағайындалды
Дархан Қыдырәлі Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды", - деп жазылған құжатта.
Мемлекет басшысының Жарлығымен парламент сенатының депутаты Асқар Оразалыұлы Шәкіровтің өкілеттігі тоқтатылды.