"Әкімдіктердің шауып кел дейтін бұйрықтары бітер емес": Депутат жастардың мәселесін көтерді

27.09.2023, 13:04
644
"Әкімдіктердің шауып кел дейтін бұйрықтары бітер емес": Депутат жастардың мәселесін көтерді mazhilis_kz

Мәжілістің жалпы отырысында Нартай Сәрсенғалиев жастарға қатысты өзекті мәселені көтерді. Депутат жастардың басын біріктіретін жастар ресурстық орталығының жұмысын сынға алды.

Нартай Сәрсенғалиев өзінің депутаттық сауалында жастар ресурстық орталығының жұмысының жүйесі дұрыс жолға қойылмағынын айтты. 

"Бүгінгі депутаттық сауалым еліміздің ертеңі үшін жанын салып қызмет қылып, түкке жетпейтін там-тұм айлықты қанағат тұтып, тұрмыстық тауқымет тартса да тартынып қалмайтын жастардың мұң-мұқтажы туралы. Қазақта: "Жақсы жастан шығады, Темір тастан шығады" деген аталы сөз бар. Бірақ біз сол жастардың қадіріне жете алмай келеміз. Жастардың басын біріктірген бір ұйым бар бізде, Жастар ресурстық орталығы деген. Аты дардай болғанмен заты сондай болмай тұр. Қайсы өңірге барсақ та алдымыздан шыққан жастар жұмыста жүйе жоқ екенін, өздерін жергілікті билік өкілдері білгенінше жұмсап, негізгі жұмыстарына жолатпайтынын айтады. Салдарынан  еліміздегі 232 Жастар ресурстық орталығында қызмет ететін 3 мыңнан астам белсенді жас әр әкімнің бұйрығымен таң атысы кеш батысы сабылып жүр. Ал әу баста Жастар ресурстық орталығы - жастардың әлеуметтік және тұлғалық дамуына жәрдемдесетін, жастар ұйымдарының қызметіне қолдау көрсететін орталық  ретінде құрылған еді. Жастар ресурстық орталығындағы замандастарымыз тізіп берген мәселелердің бірқатарын айтайын", - деді ол.

Депутат атап өткендей, жергілікті әкімдіктердің  жастарға "барып кел, шауып кел" дейтін бұйрықтары азаяр емес. Сонымен қатар жалақының аздығына да тоқталып өтті. 

"Оның ішінде Жастар ресурстық орталығы қызметкерлерін жастарға қатысы жоқ сансыз мерекелік шараларды ұйымдастыруға, аулаларды аралап мониторинг жасауға, әкімдіктің күнделікті  бітпейтін бұйрықтарын атқаруға міндеттейді екен. Әкім қаралардың  тапсырмасымен шауып жүрген жандар қашан жастардың мәселесімен айналысады? Екіншіден, Жастар ресурстық орталығының ғимараты жоқ. Олар әкімдіктің ішіндегі әр кабинетті паналауға мәжбүр. Сәйкесінше, жергілікті билік қалағанынша жұмсайды жастарды. Үшіншіден, жалақының төмендігі. Жастар ресурстық орталығындағы қызметкерлердің орташа жалақысы 90 мың теңге. Бұдан әлдеқайда төмен айлық алатын жастар жеткілікті. Бұл қазіргі қымбатшылықта түкке жетпейді. Аталған айлыққа білімді, білікті жастарды қызметке әкеліп, "елдің ертеңі үшін жұмыс жаса, жастарға қызмет ет" деп үндеу керек. Әрине оған білімді әрі белсенді жастар келіспейді. Сәйкесінше Жастар ресурстық орталығында үнемі кадр ауыса береді. Қазақ: "Су ағады, тас қалады, Кәрі кетеді, жас қалады" дейді. Бүйте берсек ертең жастармен жұмыста кім қалады? Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасын бекіту туралы 2022 жылғы 25 сәуірдегі  №241 қаулысымен Жастар ресурстық орталығы қызметкерлерінің жалақысын көтеруді ұсынылған. Алайда бұл шешім тек Астана, Шымкент қалаларымен Қарағанды, Ақмола облыстарында орындалды, қалған облыстар ақша жоқ деп қысқа қайырған", - деді депутат.

Депутат жастар ресурстық орталығындағы штаттық бірліктің жетіспеушілігі де бүгінгі күндегі өзекті мәселе екенін айтты. Ол белсенді азаматтардың осыған қатысты ұсыныстарын жеткізді.

"Еліміз бойынша орталықтың 1 қызметкеткері орта есеппен 2 мың жас азаматпен жұмыс істейді. Бірақ кей өңірлерде бұл стандарт жайына қалған. Мәселен Алматы қаласында Жастар ресурстық орталығының бір қызметкері 32 мың жас азаматқа қызмет көрсетеді, Астанада 1 қызметкерге 17 мың адамнан келеді. Бесінші мәселе қаржыландыру тетігінің нақты болмауы. Нақты нормативтің жоқтығы. Белсенді замандастарымыз Жастар ресурстық орталығын Мәдениет және ақпарат министрлігіне бекітіп берсе деген ұсыныс жолдады. Әйтпесе әр әкімнің тапсырмасын орындаумен жүргенде негізгі жұмыс жайына қалады, салдарынан қоғам тарапынан сын көп. Ол ол ма, 2024 жылы республика бойынша Жастар ресурстық орталығына бөлінетін қаржыны қысқарту жоспарланған. Бұл онсызда кадрдің қадіріне жетпей жатқан саланы құлдыратып жібермей ме? Еске саламын, бұл 3 мыңнан астам белсенді, білімді жас азаматтың тағдыры", - деді Нартай Сәрсенғалиев.

Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты «Сұлу болғандықтан қызыққан»: Меруерт Түсіпбаеваға өзінен кіші жігіт үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО) «Полиция кінәлі»: Ақтөбеде оқушы қыз жарыс кезінде мұрнын сындырып алды (ВИДЕО) Астана циркінде акробат қыз бес метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО) 7 жастағы бала 40 метрлік құдыққа құлап кетті