Жемқорлардан қайтарылған ақшаға фабрика, зауыт салу ұсынылды

27.09.2023, 13:31
539
Жемқорлардан қайтарылған ақшаға фабрика, зауыт салу ұсынылды parlam.kz

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин жемқорлардан тәркіленген, шетелден қайтарылған ақшаны өндіріс саласына құйып, фабрика, зауыт салуды ұсынды.

Ол депутаттық сауалын премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолдады. Оның айутынша, Қазақстан капиталдың тұрақты түрде шетелге жылыстатылуы жөнінен әлемдегі 20 елдің қатарына кіреді.

Көптеген сарапшының болжамынша, соңғы 30 жылда елімізден шамамен 200 млрд доллар сыртқа шығарылған. Бұл – Ұлттық қордағы қаржыдан 4 есе жоғары. Осы сыртқа заңсыз шығарылған активтерді елге қайтару үшін Мәжіліс депутаттарының бастамасымен «Заңсыз иемделген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң әзірленіп, қабылданды. Биыл шілдеде президент заңға қол қойды. Осы заңға сәйкес, қайтарылған қаржы, мүліктерді қайтарудан және өткізуден түскен ақша Арнаулы мемлекеттік қорға түседі, - деді депутат Мәжілістің жалпы отырысында.

Қайтарылған қаржыға әлеуметтік нысандар, оның ішінде мектептер салу басталып кеткен.

«Бұл – өте дұрыс қадам. Өйткені өңірлерде үш аусымды оқытуды жою және ескі білім ордаларын жаңалау қажет», - деді Еділ Жаңбыршин.

Сондай-ақ ол бұл ақшаны тозған жылу желілері мен ЖЭО-ларды жөндеуге жұмсау керек деп санайды.

Құрметті Әлихан Асқанұлы, қайтқан қаржыны тек әлеуметтік нысандарға жұмсап қоймай, экономикалық жобаларға жататын стратегиялық нысандарды аяғынан тұрғызуға, оның ішінде энергетика объектілерін салуға және тозығы жеткен жабдықтар мен желілерді жаңалауға жұмсау қажет. Бұл еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін арттырады, бюджет қаржыларын үнемдейді, ең бастысы, тарифті көтеріп, халықты қинамаймыз, - деді ол.

Сонымен қатар депутат жұмыссыздық белең алған өңірлерде жаңа кәсіпорындар ашуға осы активтерді пайдалануды ұсынды.

Неге осы активтерді ішкі нарықта айналдырып, зауыт, фабрика салуға жұмсамасқа? Сол кезде өңдеу саласы дамиды, жергілікті құрылыс материалдарын шығарамыз, импорттық тауарлар мен қызметтерді өзімізде оқшаулаймыз, біліктілігі жоғары мамандарға сұраныс көбейеді, жаңа жұмыс орындары ашылады, өңірлердің салық базасы артады және басқа да мультипликативті эффектке қол жеткіземіз. Қайтарылған қаржы экономикалық оң нәтиже беретін, халықтың әл-ауқатын көтеретін бағыттарға жұмсалса, тиімді болады. Бұл әділ шешім болмақ, - деді Еділ Жаңбыршин.

Сөз соңында игерілген қаржы туралы мәліметтің ашық болуы керектігі де айтылды.

«Қайтарылған қаржы мен активтердің көлемін және оларды қайда жұмсап, кімдер игеріп жатқанын азаматтық қоғам біліп, барлық тараптан қатаң бақылау болуы керек. Сондықтан осы мәселеге қатысты барлық мәлімет арнайы интернет сайтта ашық жарияланып, әр қазақстандық кез келген уақытта көріп отыруға тиіс», - деп түйіндеді сөзін депутат.

«Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты «Сұлу болғандықтан қызыққан»: Меруерт Түсіпбаеваға өзінен кіші жігіт үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО) «Полиция кінәлі»: Ақтөбеде оқушы қыз жарыс кезінде мұрнын сындырып алды (ВИДЕО)