Арыстанбек Мұхамедиұлы тағы сотқа тартылды

28.09.2023, 13:27
1159
Арыстанбек Мұхамедиұлы тағы сотқа тартылды Halyq Uni

Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында бұрынғы мәдениет және спорт министрі, Ұлттық музейдің директоры болған Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты тағы бір қылмыстық іс қаралып жатыр.

Арыстанбек Мұхамедиұлы қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі – 249-бабы 1-бөлігі (рейдерлік әрекетке оқталу), 28-бабы 3-бөлігі – 250-бабы 1-бөлігі (өкілетін теріс пайдалану арқылы қылмыстық құқық бұзушылықты ұйымдастыру) бойынша айыпталып отыр. Қылмыстық іс бойынша тағы бір айыпталушы бар. Жуаспаева қылмыстық кодекстің 385-бабы 3-бөлігі (жалған құжат, мөр, бланкіні қолдан жасау арқылы көрінеу жалған құжатты пайдалану), 250-бабы 1-бөлігі (өкілетін теріс пайдалану) бойынша айыпталып отыр.

Істі судья Әбинұр Қарабаев қарап жатыр. Мемлекеттік айыптаушы – Олжас Хайруллаев.

2023 жылдың 28 қыркүйегінде прокурор Хайруллаев айыпталушыларға қатысты айыптау актісін оқыды.

Тергеу мәліметіне сәйкес, 2019 жылы Арыстанбек Мұхамедиұлына елордадағы «Дипломат» қонақүйінің иесі, кәсіпкер К. жүгінген. Экс-министр оған 2,5 млрд теңге беруге келісіп, оның орнына қонақүйдің жарғылық капиталының 71%-ын енесінің атына жазып беруді ұсынған. Осылайша ол қонақүйді толық иемденіп алмақ болған.

Келісімге қол қойылған соң Мұхамедиұлы қонақүйге жиі келетін болған. Ол басшылардың бірі ретінде таныстырылған. Содан кейін экс-министр қонақүйдің қалған 29% бөлігін беруді сұраған. Алайда кәсіпкер К. бұл ұсынысты қабылдамаған. Тергеу мәліметіне сәйкес, содан кейін Мұхамедиұлы қызметкерлеріне «Дипломат» қонақүйіне кәсіпкер К.-ны кіргізбеуді тапсырған. Артынша компания иелерінің жалпы жиналысында жалған хаттама толтырылып, ЖШС директоры ретінде Мұхамедиұлының адамы таныстырылған.

Сот барысында экс-министр Мұхамедиұлы тағылған айыпты мойындамады.

Құрметті сот, тағылған айыппен мүлде келіспеймін. Бұл – 2020 жылдан бастап Серік Қарымсақовтың қаржылық қиындыққа ұшырап, қаржылық мүмкіндіктері бар адамдарды жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан қылмыстық схемаға тартып, өз мәселелерін шешкен соң құқық қорғау органдарына заңсыз әдіспен жүгініп, адамдарды түрмеге қамап, бүкіл бизнесті өзіне қайтарып алған үшінші жағдай, - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Айта кетейік, бұған дейін бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Арыстанбек Мұхамедиұлы 28-баптың 3-бөлігі (қылмысты ұйымдастыру) және 189-баптың 4-бөлігі 2-тармағында (аса ірі мөлшердегі сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін ұрлау) көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. 

«Тарихи жеңіс емес»: АҚШ атқылаған Иранның ядролық базалары аса қатты зақымдалмаған боп шықты Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Байқамай қалдым»: Алматыда зейнеткер әжені көлік қағып өлтірді Мұхтар Мағауиннің ұлы Мағжан Мағауин дүниеден өтті «Қызым маңдайымен туды, кіндігі үш рет оралған»: ZAQ отбасылық сынақ туралы айтты «Бұл – оның соңғы суреті»: Белгілі КВН ойыншысы қаза болды Израиль Иранды бітім шартын бұзды деп айыптады «Алты баласы қалды, кенжесі бес айлық»: Кішкентай қызды құдықтан құтқармақ болған марқұм бапкер туралы тың ақпарат айтылды Астанада жартылай жалаңаш қыз Министрліктер үйіне қарама-қарсы шатырда би биледі Атырауда ер адам подъезде никабтағы қызды аяусыз соққыға жыққан (ВИДЕО) «Концерттен шеттетті, иіскеуім керек деді»: Әнші Наркенже Серікбаева басшылықты әшкереледі #нетамашалаймыз: TikTok Қазақстанда жергілікті киноиндустрияны қолдау жобасын іске қосты «Бумажный дом» сериалының авторы мен қазақстандық продюсерлердің Netflix-ке арналған жобасы Comic Con Astana фестивалінде таныстырылады Мирзиёевтің үлкен қызы Өзбекстан Президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды Оралда 22 жастағы полицей өз үйінің ауласында суицид жасаған Астаналық экс-депутат вилланың фонындағы сурет үшін БАҚ-ты сотқа беріп, жеңіліп қалды Трамп мәлімдеген бітім күшіне енбей жатып, Иран мен Израиль атысты жалғастырды Құбыр тағы жарылды: Алматыда ыстық су көшеге ақты Перизат Қайраттың соты тікелей эфирде көрсетуі мүмкін Израиль мен Иран арасындағы 12 күндік соғыс тоқтады