«Digital Bridge 2023 халықаралық форумы» өтеді

28.09.2023, 13:51
743
«Digital Bridge 2023 халықаралық форумы» өтеді gov.kz

12-13 қазанда Қазақстанның астанасында Орталық Азиядағы ең ірі IT- форум - Digital Bridge 2023 өтеді.

Бұл халықаралық форумға дәстүрлі түрде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, әлемдік компаниялардың жетекшілері, IT-инновация саласындағы үздік халықаралық және отандық сарапшылар, өңірдің түкпір-түкпірінен венчурлық инвесторлар қатысады. Digital Bridge - 2023 алаңында 20 000+ қатысушы, 300+ IT компания, 100+ инвестор мен бизнес-періштелер, 250+ спикер және әлемнің 15+ елінен 100+ стартап бас қосады.

Форумның басты тақырыбы - Artificial and Human Intelligence: The Right Balance.

Осы форум қарсаңында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ақпараттық технологиялар саласын дамыту департаменті директоры Ерсұлтан Ерманов пен Astana Hub басқарушы директоры Алина Абдрахманованың қатысуымен ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» орталығында баспасөз конференциясы өтті.

Ерсұлтан Ерманов  Digital Bridge-дің инновациялар мен технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дамыту үшін бірегей мүмкіндіктер ұсынатынын айтты.

«Бұл іс-шараға қатысушылар халықаралық серіктестіктерді құруға, тәжірибе мен білім алмасуға, сондай-ақ әлеуетті инвесторлар мен қаржы институттарының алдында өздерінің инновациялық жобаларын ұсынуға мүмкіндік алады. Бұл ауқымды жиын сонымен қатар, соңғы технологиялық трендтер мен саланың дамуы туралы хабардар болуға мүмкіндік береді. Форумның бір мақсаты - іскерлік ынтымақтастық аясын кеңейту және құнды бизнес-әріптестікті орнату, - деді ол.

Бұған дейін сөйлеген сөздерінің бірінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жасанды интеллект заманауи қоғамда маңызды рөл атқаратынын, сондықтан Digital Bridge-2023 технология мен адам әлеуеті арасындағы тепе-теңдікті қалай табуға болатынын талқылайтын тамаша алаңға айналатынын атап өткен еді.

«Бұл форум сала мамандары мен сарапшыларына өз білімдерімен бөлісуге мүмкіндік береді. Осы арқылы адамзатқа жасанды интеллект қызмет ететін болашақты бірлесіп құруға жол ашады. Қазақстан осы бағытта инновациялық өсудің жоғары әлеуетіне ие болып отыр. Қазіргі таңда елімізде ғалымдар мен жас таланттардың шоғырлануы үшін қолайлы жағдай жасалуда. Біздің азаматтарымыздың әртүрлі салаларда әзірлеген жасанды интеллект өнімдері бар, олар қазірдің өзінде әлем назарын аударып отыр. Біз мұны сөзсіз, мақтан тұтамыз. Жасанды интеллект экономиканы, өнеркәсіпті, ғылым мен техниканы дамытуда зор әлеуетке ие», - деді Бағдат Мусин.

Форумның екі күндік бағдарламасы ауқымды шараларды қамтиды. Олар: ҚР Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін пленарлық отырыс және one-to-one кездесулер, халықаралық спикерлермен 30+ панельдік сессия, келісімдерге қол қою, Hub Battle үздік IT-стартап үшін дода, Google for Startups іс-шаралары, Digital Bridge Awards – үздік стартаптарға, инновациялық жобаларға және кәсіпкерлерге берілетін халықаралық сыйлық, 100 қазақстандық және шетелдік технологиялық стартаптар өздерінің инновациялық шешімдерін ұсынатын Стартап аллеясы.

Форумның бес жыл қатарынан IT-қауымдастықтың айрықша назарын аударып, қалың жұртшылықтың қызығушылығын тудырған ең қызықты оқиғасы – Astana Hub Battle – үздік IT стартаптардың ең ірі додасы. Жеңімпаздар үш номинация бойынша марапатталады - Best Social Impact, The Most Innovative, Exponential Growth. Ал жүлде қоры $125 мыңға дейін артады, әр номинация бойынша $25  мың.

Astana Hub Battle экожүйенің жаңа қатысушыларын анықтап, отандық стартап мәдениетін насихаттауға және технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Батлға қатысу үшін стартаптарда MVP немесе PMF сатысында ауқымды жоба болуы керек. Бұған дейін байқауда Kwaaka, NBfit, UvU, Parqour, EasyTap, Kid Security сияқты стартаптар жеңіске жеткен еді.

Алдын ала байқаудан кейін іріктеуден өткен бәсекеге қабілетті 100 жоба қазылар алқасының назарына ұсынылады.  Олар форумның бірінші күні жартылай финалда жобаларын бір минуттың ішінде таныстыру мүмкіндігіне ие болады. Бұл сынақтан өткен 10 стартап финалда үздік атағы үшін бақ сынасады.

Форумның хедлайнерлері – IT әлемінің әлемге әйгілі тұлғалары форум басталар шақта жарияланады. Сонымен қатар дәстүрлі түрде бірқатар көрмелер – корпорациялар, робототехника, IT-мектептер, VC, аймақтық IT хабтар көрмесі және ірі IT-компаниялардың вакансиялар жәрмеңкесі өтеді.

Digital Bridge халықаралық IT- форумы 2018 жылдан бері Астанада жыл сайын өткізіліп келеді. Digital Bridge ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.

«Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды Астана Орталық Азиядағы бөлшек сауда мен FMCG болашағына арналған стратегиялық диалог алаңына айналмақ Астанада алғаш рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық Экспо-форумы өтеді Астанада паралимпиадалық спортты қолдайтын алғашқы халықаралық турнир өтуде «Сатыбалды әулетінен көмек сұрады»: Жұмысшыларына үй берген Алагөзовтің экс-әйелі шындықты айтты (ВИДЕО) «Ойдан шығарғанын мойындады»: Асхат Садырбай экс-әйеліне қарсы сотта жеңіске жетті Алматылық қылмыстық топ жаңа туған сәбилерді әлеуметтік желі арқылы саудалап келген Ким Чен Ын соғыста Ресейге қолдау көрсетуге уәде берді «Дін себеп»: Қарағандыда келіншек 15 жасар қызын күштеп күйеуге берген «Қиямет қайым жақындады...»: Австралияда «Ақырзаман» балығы жағаға шығып қалды Ақтауда сапбордпен жүрген жасөспірімді ағыс теңізге алып кеткен Киев Мәскеуге депортацияланған балалардың тізімін тапсырды БҚО-да өрттен бір отбасының бес баласы көз жұмды «Жақсы әңгіме айттық»: Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті Трамптың атынан тағы бір заң: 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салды Экология министрлігінде 8 қызметкер жемқорлық үшін сотталған Астанада шетелде жұмыс табуға көмектесетін орталық ашылды Бүгін елде ауа райы тұрақсыз болады