"Бақытты болуды үйретемін": Қыздарға авторлық курсын сатқан Қыран Талапбектің екінші әйелі оңбай сынға қалды

28.09.2023, 14:28
2052
"Бақытты болуды үйретемін": Қыздарға авторлық курсын сатқан Қыран Талапбектің екінші әйелі оңбай сынға қалды gulzada_tl

Танымал мобилограф Қыран Талапбектің екінші әйелі Гүлзада Тұрлаш “Бақытты әйелмін” атты курс сатып жатыр. Блогер қыз-келіншектерге күйеуінен қымбат сыйлық алудың жолдарын үйретіп, өмірлік ақыл-кеңестерімен бөліспек.

Тұрмысқа шыққанына екі айдан енді асқан Гүлзада Тұрлаш қыз-келіншектерге арнап ақылы авторлық курс өткізбек. Гүлзада Тұрлаш әлеуемттік желідегі парақшасында авторлық курсы туралы шағын ақпарат берді.

“Бақытты әйелмін” деп аталатын авторлық курсым 35 сабақтан және бірнеше модульден тұрады. Мұнда әйелдер қауымына пайлады тақырыптарды талқылаймыз. Мен сіздерге өзіңізді бағалауды, ер адамдармен қалай қарым-қатынас құруды және қалаған дүниеңізі күйеуіңізден сыйлыққа алуды үйретемін”, – деп қызықтырды блогер қыз-келіншектерді.

Желіде Қыран Талапбек сыйға тартқан қымбат көлікті көрсеткен ол өзін қарым-қатынас экспертімін деп таныстырды.

“Мына көлікті маған күйеуім үйленгеннен кейін бір айдан соң сыйға тартты. Ер азаматыңыздан әлемдегі ең керемет сыйлықтарды алғың келсе “Бақытты әйелмін” авторлық курсыма шақырамын. Бірге бақытты болайық”, – деп видео жариялады блогер.

Алайда енді ғана тұрмысқа шығып, бақытты болуға, күйеуінің ақшасын жұмасаудың жолын үйретемін деген Гүлзада Тұрлашты көпшілік сынап тастады. Олардың қатарында отандық журналистер мен тележүргізушілер де бар. 

Гүлзада Тұрлаштың бұл ісіне қапалы екенін жеткізген Айгүл Мүкей желіде жазба жариялады.

“Қыран Талапбекті құрметтеймін. Өте талантты жігіт. Мүмкін, әйелі де жақсы шығар… Бірақ бітпейтін курсты осылайша жарнамалағаны қапаландырады. Бұл дұрыс нәрсе емес. “Басқа нәрсе айтқысы келді” деп жазбай-ақ қойыңыздар. Мен есту керек сөздерді естідім. Жастар, қыздар, ақша тапқыларыңыз келетінін түсінемін. Бірақ күйеуіңнің ақшасын жұмсауды үйрету… күлкілі емес, ақылды адамның ісі дей алмаймын, сүйсінерлік іс емес”, – деп жазды Айгүл Мүкей. 

“Сөз жоқ”, “Қандай экспертпін дейді және неге? Жарайсың”, – деп пікір қалдырды Мәдина Балғабаева мен Дана Нұржігіт.

Кеше ғана тұрмыс құрған жас блогердің ақыл үйрететін білгенде желі қолданушылары ашуға мінді.

“Сен әлі бақыттың қадіріне жеткен жоқсың”, “Кеше байға тиіп, бүгін эксперт пе?”, “Кеше ғана күйеуге шықты, бүгін ақылшы дейсің ғой. Осындай ақылшысымақтар көбейді”, “Жастай ажырасып, екінші рет күйеуге тиген 25 жастағы блогердің ақылын тыңдасақ біткен жеріміз осы шығар”, “Заңды тұрғыда мндай жарнамаларға тыйым салу керек”, “Инфосығандар”, “Мұндайлардың сөзіне сенетіндер де бар ма?”, “Бір байдан, екінші байға тиіп “эксперт” болып шыға келді”, – деп жарыса жазды желідегілер.

«Байқамай қалдым»: Алматыда зейнеткер әжені көлік қағып өлтірді Мұхтар Мағауиннің ұлы Мағжан Мағауин дүниеден өтті «Қызым маңдайымен туды, кіндігі үш рет оралған»: ZAQ отбасылық сынақ туралы айтты «Бұл – оның соңғы суреті»: Белгілі КВН ойыншысы қаза болды Израиль Иранды бітім шартын бұзды деп айыптады «Алты баласы қалды, кенжесі бес айлық»: Кішкентай қызды құдықтан құтқармақ болған марқұм бапкер туралы тың ақпарат айтылды Астанада жартылай жалаңаш қыз Министрліктер үйіне қарама-қарсы шатырда би биледі Атырауда ер адам подъезде никабтағы қызды аяусыз соққыға жыққан (ВИДЕО) «Концерттен шеттетті, иіскеуім керек деді»: Әнші Наркенже Серікбаева басшылықты әшкереледі #нетамашалаймыз: TikTok Қазақстанда жергілікті киноиндустрияны қолдау жобасын іске қосты «Бумажный дом» сериалының авторы мен қазақстандық продюсерлердің Netflix-ке арналған жобасы Comic Con Astana фестивалінде таныстырылады Мирзиёевтің үлкен қызы Өзбекстан Президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды Оралда 22 жастағы полицей өз үйінің ауласында суицид жасаған Астаналық экс-депутат вилланың фонындағы сурет үшін БАҚ-ты сотқа беріп, жеңіліп қалды Трамп мәлімдеген бітім күшіне енбей жатып, Иран мен Израиль атысты жалғастырды Құбыр тағы жарылды: Алматыда ыстық су көшеге ақты Перизат Қайраттың соты тікелей эфирде көрсетуі мүмкін Израиль мен Иран арасындағы 12 күндік соғыс тоқтады Еліміздің 18 облысында дауылды ескерту жарияланды Алтынай Жорабаева кісі қайтқан жерге мобилограф ертіп келетін жұлдыздарды сынап тастады