Гимнастшы Нариман Құрбанов – Азиаданың қола жүлдегері!

28.09.2023, 15:11
805
Гимнастшы Нариман Құрбанов – Азиаданың қола жүлдегері! Сали Сабиров

Спорттық гимнастикадан ат снарядында өнер көрсеткен 25 жастағы Нариман Құрбанов қола жүлдені иеленді.

Отандасымыз 15.100 балл жинады. Алтын жүлдені тайпейлік  Ли ЧИ-Кайға (15.500 балл) алды. Ал күміс жүлдеге жапондық Рета Цумура (15.166 балл) ие болды.

Осылайша, Қазақстан спортшылары 11 қола медальді алды. Қазір отандастарымызда 3 алтын мен 3 күміс жүлде де бар. Осы жүлделермен еліміз жалпыкомандалық есепте тоғызыншы орнын сақтап отыр.

Қазақстан спортшыларының мақсаты – Азиада соңына дейін үздік бестікте болу. Қазір Ханчжоудағы Азиадаға елімізден спорттың 30 түрінен 524 спортшы (262 ер және 262 әйел) қатысып жатыр. Оның 27-сі олимпиялық бағдарламаға кірсе, қалған 3-еуі – олимпиялық емес спорт түрлері. Сонымен қатар, Азиадада 8 спорт түрінен, атап айтқанда, бокс, садақ ату, қазіргі бессайыс, жүзу, брейкинг, көгалдағы хоккей, теннис және жеңіл атлетика бойынша Париж Олимпиадасына  лицензиялар сарапқа салынады.

Жалпы алғанда, Азияның 45 елінен 15 мыңнан астам спортшы 40 спорт түрінен 481 медаль жиынтығына таласып жатыр.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген