5G – Қазақстанда коммуникацияның жаңа буыны қалай дамуда

28.09.2023, 15:52
865
5G – Қазақстанда коммуникацияның жаңа буыны қалай дамуда stan.kz

Tele2/Altel жоспарланған мерзімнен әлдеқайда озып, 5G-ді қарқынды орнатуда. Компания қазір бастапқыда 2024 жылдың наурызына болжаған нәтижеге жетіп қалды. Нәтижесінде елімізде жаңа технология бойынша 360-тан астам базалық станциялар іске қосылды. Соңғы айларда Tele2/Altel орташа жылдамдықпен аптасына 30 жаңа орынға бесінші буын технологиясын салуда.

Жаңа технологияға бірте-бірте көшу қажеттілігінің негізгі себебі мобильді трафиктің белсенді өсуіне байланысты. GSMA Intelligence дерекетері бойынша, әлемде 2022 жылдың соңында бір абонентке орташа тұтыну 12 ГБ болған. Ал Қазақстанда бұл 17,2 ГБ-ты құрайды. Бұл соңғы жылдардағы тұрақты үрдіс. 2019 жылы біздің елдегі ұялы байланыс 60%-ға, 2022 жылы тағы 21%-ға өскен. Яғни бұл жүктеме ұялы байланыс желілеріне қатты әсер етеді. Осы тұста қазақстандықтарды тұтынудың қолайлы деңгейімен қамтамасыз ету үшін 5G-ді енгізу тиімді шешімге айналады.

Мобильді деректер жылдамдығындағы үлкен айырмашылықтан басқа, 5G желісінің қоғам үшін маңызды ерекшеліктері бар. Мәселен, бұл көпшілкке ақпараттың, байланыс пен қызметтің жаһандық ағындарына қосылуға мүмкіндік беріп, жалпы ішкі өнімге тағы 1,5 триллион доллар қосуы мүмкін. Сонымен қатар, технология жаңа сервистердің дамуына тағы бір серпін береді. Ал қазақстандық таланттылар уақыт өткен сайын әлемде танымал болып, еліміздің әлемдік аренадағы оң имиджіне үлес қосады.

Бүгінде Астана мен Алматы қалалары технологиямен кеңінен қамтылған. Ал 5G бойынша құрылыс Павлодар, Петропавл, Семей, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Шымкент, Түркістан, Өскемен, Тараз және Жезқазған қалаларында қарқынды жүргізілуде. Tele2/Altel операторы 5G-ді дамытуға инвестиция салып қана қоймай, қолданыстағы желілерді жаңғырту бойынша белсенді жұмыс істеуде. Компания өзінің отыз жылға жуық тәжірибесін байланыс және интернетке қолжетімділікті қамтамасыз етуде пайдаланады. Дәл осы Altel 2012 жылы жоғары жылдамдықты төртінші буын 2G мен 3G желілерін бірінші болып іске қосып, тұрғындарға қолжетімді еткен еді. Ол кезде бұл желілерді коммерциялық пайдалану әлемнің 51 елінде ғана тіркелген болатын. Бұл мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікке, базар алаңдарына, видеохостинг пен онлайн банкингке дейін цифрландыруды дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Телекоммуникация саласындағы өзінің үлкен тәжірибесі мен әлеуетін пайдалана отырып, компания барлық ықтимал жағдайларды ескере отырып, 5G базалық станцияларын салады. Технологияны толықтай енгізу желілерге жүктемені айтарлықтай азайтып, өткізу қабілеттілігін арттырады және қажетті трафик көлемін қамтамасыз етеді.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)