837

Әнші Мұқасан Шахзадаев Нұрлан Қонысбаевпен ара қатынасы туралы ашық айтты

Көпшілікке “Нұр-Мұқасан” тобы арқылы танылған Мұқасан Шахзадаев “Ұйқым келмейді” бағдарламасында топтың тарап кеткенін айтты.

Әнші Мұқасан Шахзадаев Нұрлан Қонысбаевпен ара қатынасы туралы ашық айтты
mukassan_shakhzadayev/nurlan_konysbai

Мұқасан Шахзадаев “Нұр-Мұқасан” тобының қайта құрылып, сахнаға оралуы мүмкін бе?” деген сауалға жауап берді.

“Нұр-Мұқасан тобының құрылғанына 33 жыл толды. Қазір Нұрлан жеке шығармашылықпен айналысуда, мен өз алдыма бөлек кеттім. Бірақ кім біледі, өмірде бәрі мүмкін. Оны уақыттың еншісіне қалдырайық. Әлеуметтік желіде бірге түскен суреттерде көргендеріңіздей, көргенде құшақтасып, амандық сұрасамыз, сәлеміміз түзу”, – дейді Мұқасан Шахзадаев.

Өнер иесі 33 жыл Нұрлан Қонысбаевпен шырқалып келген ән жинақты қалай бөліскендерін баяндады.

“Әндерді бөлетін ештеңесі жоқ. Нұрлан екеуіміз қай әнді айтқымыз келсе, сол әнді шырқаймыз. Онда ешқандай шектеу жоқ. Шектеу болса қатігездік болады.