«Белгісіз батырлар» тарихи комедиясы көрерменге жол тартпақ

28.09.2023, 19:13
1747
«Белгісіз батырлар» тарихи комедиясы көрерменге жол тартпақ

2023 жылы 28 қыркүйекте Қазақстанның барлық кинотеатрларында «Белгісіз батырлар» тарихи комедиясының көрсетілімі басталады.

Осыған орай 26 қыркүйекте сағат 19:00-де Алматы қаласында "Ариал" гольф-клубының аумағында (Әл-Фараби даңғылы 142) фильмді түсірген топ пен рөлдерде ойнаған актерлердің қатысуымен кинотаспаның алдын ала көрсетілімі өтеді.

Картина қазақ жігітінің сайын даладағы табиғат сұлулығына деген сүйіспеншілігіне арналған. Сол үшін жауынгер достарымен бірге Жоңғар басқыншыларына қарсы соғысқа аттанды.

Сюжетте 18 ғасырда әйгілі Аңырақай шайқасындағы жаугершілік өмір көрсетілген. «Белгісіз батырлар» фильмінде басты рөлдерде отандық белгілі актерлер - Рамазан Амантай, Нұрболхан Шарап, Айнұр Ілиясова, Нұрдәулет Шертім, Индира Сабирова, Әділжан Шомбалов, Құмар Лұқманов, Мақсат Мамраимов ойнайды және бұл қатарда республикамыздағы ең танымал «Қарапайым Қайрат» веб-сериалының актерлері де бар.

Фильмді түсіру кезінде каскадерлік, көркемдік қойылым, сценарий жазу, режиссерлік, графикалық және музыкалық дизайн бойынша Қазақстанның жетекші мамандары жұмыс істеді.

Жобаның бас продюсері Сәкен Тоқтағұлов, қоюшы режиссері Мерей Маханов, қоюшы-операторы Асылхан Мелдебеков, композиторы Абай Ақбаев, қоюшы-суретшісі Ұлан Айбергенов, продюсері - Шолпан Батырбаева, Сәуле Дүркеева және Саламат Исабаев.

Фильм «Qazaq Media», «SKL Production» және «SunRay Production» продюсерлік орталықтың ұйымдастырумен түсірілді.

Алдын ала көрсетілім ашық аспан астында болады және оған келіп қатысатын қонақтар қызықты комедиялық картинаны тамашалаумен қатар, нағыз қазақ тойының  атмосферасын сезінетін болады.

Сондай-ақ сіздерді арнайы даярланған 150 келі палау, 100 литр қымыз, түрлі ұлттық тағамдар, жағымды әңгімелер мен көңілді эмоциялар күтеді.

Іс-шараның серіктестері – «Max Plov Center», «Tiger Beer», «Magnum», «Jameson», «Red Bull» және «Bal Qymyz» сауда белгілері.

Барлық сұрақтар бойынша +77018887296 телефонына немесе qazaqmedia.online@gmail.com поштасына және «Qazaq Media» продюсерлік орталығының директоры - Александр Аксютицке хабарласа аласыздар.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды