Fin Tech: электрондық коммерциядағы инновация

28.09.2023, 19:45
723
Fin Tech: электрондық коммерциядағы инновация Freedom Bank

Бүгін Алматыдағы Rits-Carlton-да Орталық Азиядағы электрондық коммерциядағы финтех инновациялары бойынша форум болып өтті.

Жиынға Freedom Bank директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі Айдос Жұмагұлов, Halyk финсервис бас директоры Шоқан Дусипов, Namba Group басшысы Аман Тентиев, Zood ecosystem бас директоры Майкл Хой, Forte Market бас директоры Дмитрий Комиссар, қаржы саласының сарапшылары мен БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Жаһандану кезінде қаржылық техникалық стартаптардың жыл сайын қарқын алуы – тұтынушылар үшін қолжетімдік туғызып отыр. Орталық Азиядағы банктердің қызмет көрсету жүйесіндегі өзгерістердің практикалық тұрғыда дамығаны да – соның айғағы.

Сөзімізге арқау болған – осыдан екі жыл бұрын ғана банк секторында стандартты емес сапалы қызметімен нарықты жаулаған Freedom Bank-тің  аз уақыттың ішінде бәсекелестерінен тың инновациялық жобаларымен ерекшеленгендіктен, аталмыш банктің директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі Айдос Жұмагұловпен тілдесіп, Орталық Азиядағы финтех инновацияларына қатысты бірқатар сауалымызды қоюдың сәті түскен еді. 

Орталық Азиядағы электрондық коммерция секторында финтех саласындағы өзгерістер мен жаңалықтар қандай?

Орынды сұрақ. Орталық Азиядағы электрондық коммерциядағы финтех инновациялары бойынша өтіп жатқан форумда біз бүгін курьерлік компаниялар, логистика мен цифрлық маркетинг сынды финтехдерді талқыладық. Ең ірі финтех түріне көпке белгілі – Mastercard халықаралық төлем жүйесін айтуға болады. Орталық Азиядағы финтех үрдісіндегі жаңашылдық әлбетте цифрландырумен тікелей байланысты. Себебі бұл төлем жүйелеріндегі терең интеграцияны қажет етеді. Соңғы екі жылда қарқынды дамуда әрі қарай да дәл осы бағытты дамытуға күш салатын боламыз. Себебі электронды коммерцияны дамытатын жаңа бизнес моделі – финтех пен банк ісінің жұмысы цифрландыруда ғана жандана бермек. Қазір Қазақстандықтардың 20%-ы ғана қолма-қол ақшамен жүреді. Басқа шет елдерде бұл жағдай керісінше. Осы бір тенденция нарықта жаңа серпін әкелгендей.

Бұлай дейтінім, финтех саласындағы өзгерістер – Орталық Азиядағы ең ірі нарықты қалыптастырып қана қоймай, халықаралық масштабты игеруге серпін беріп отыр. Яғни капитал нарығын демократияландыру бойынша финтех стартап санының өсуі, қаржы ұйымдары мен мемлекеттік-ақпараттық қызметтерді біріктіруге байланысты тенденцияны қалыптастырды. Сәйкесінше, бұл транзакциялық белсенділікті арттырып қана қоймай, банктердің цифрлық инфрақұрылым жүйесін жақсартады. Электронды коммерция, цифрлық активтер, сандық төлемдер, экожүйе қарқынды дамыған сайын, өзге елдермен ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік артты. Нарықта финтех стартаптар құрылымы өзгеріп, күрделеніп, дербес компаниялардың әлеуетін арттырды. Соңғы 2-3 жылдағы электронды коммерция мен финтех перспективасын қаржы жүйесінің нығайғанынан байқауға болады. Қаржылық технология саласындағы нарықтық капитал тенденциялары электронды коммерцияның жұмысын жеделдетіп, венчурлық капитал мен инновацияларды дамытып отыр. Сонымен қатар жасанды интеллект технологиялары да бүгінгі нарықта тұтынушылар үшін қызмет сапасын жақсартып, цифрлы трансформацияның маңызды бөлігіне айналды деуге болады. 

Орталық Азияның электрондық коммерциясында бүгінгі күні енгізілген жаңа қаржы технологиялары туралы не айтасыз? Тұтынушылар мен бизнеске қалай әсер етеді?

Цифрлық технология дамыған сайын транзакциялардағы процестер жұмысы да жаңаруда. Жаңа қаржы технологияларының арнайы платформалары нарықтық экономикада бәсекелестік қалыптастырады. Цифрлық инновациядағы өміршең жобалар – тұтынушылар санын арттыратыны айтпаса да түсінікті. Соңғы жылдары еліміздегі ең қарқынды дамып келе жатқан бұл бағыт – бизнесте инвестицияның артуына мүмкіндік береді. Тұтынушылар арасында тым жиі қолданыстағы QR кодтары секілді, ашық интерфейстердің дамығаны транзакциялар кезінде тиімділікті әкеледі. Бұл финтех индустриясының заманауи нарықтағы сегментін арттырып, кедергілерді оңтайлы жолмен шешуге мүмкіндік береді. 

Электрондық коммерция саласында финтех инновацияларды енгізу кезіндегі артықшылықтар мен кемшіліктерге тоқталсаңыз?

Цифрлық даму кезеңінде ең алдымен қаржылық сауаттылыққа баса мән берген жөн. Тұтынушылардың алаяқтыққа тап болмас үшін нарықтағы жаңа тенденциялардан хабардар болуы керек. Жаһандану кезіндегі көз ілестірмес өзгерістерден бастапқы капиталының қанша екеніне, қашан бизнес бастағанына қарамастан, кез келген стартап жобалардың масштабының артуы үшін жылдан айға, айды күнге, оны сағаттарға бөліп, ұтымды бизнес моделін оңай қалыптастыра алады.

Электронды коммерцияның негізгі драйвері тұтынушыларға қызметін үздіксіз ұсынумен ғана шектелмейді, сонымен қатар финтех жобалары негізінде Prosper Pay секілді инновациялық қызметтерді де ұсынады. Яғни бұл еліміздегі қызметкерлердің жұмыс істеген күні мен уақытына байланысты аванстық төлем алуға мүмкіндік береді. Осылайша жалақы үшін айдың соңын күтпей-ақ, мерзімінен бұрын дәл осы жүйе арқылы өз қажеттілігін өтей алады. Ең маңызды айтып өтерлік жайт, өркениетімізде жасанды интеллекттің күші банктердегі қаржылық технологиялар арасында бәсекелестіктің артуына әкеп соғады. Сәйкесінше, бұл арқылы финтех стартаптарындағы ұзақмерзімді инфрақұрылымдық жүйенің қалыптасатынын ескерсек, еліміз соңғы жылдары осы салада ең жылдам дамып жатқан нарықтың көшіне ілесе алғаны көңіл қуантады.

Кемшін тұстарына келсек, электронды қауіпсіздік жүйелер жаңарып, пилоттық схема бір жолға қойылса және заң талабына сәйкес, тұтынушылар салық декларациясын мерзімінен кешіктірмей, уақытылы тапсырса, қаржылық қызметтердің жұмысы жеңілдей түседі деп ойлаймын.

Аймақтағы электрондық коммерцияның деректер мен транзакциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жұмыстар жайында айтсаңыз?

Банктерде ақпараттық қауіпсіздік, тұтынушылар деректерінің жоғалмауына баса мән беріледі. Соңғы уақытта осы мәселе бойынша жеке және заңды тұлғалар үшін құпия деректерді токенизациялау бойынша цифрландыру технологиясын дамытуға жіті көңіл бөлінуде. Соның ішінде аймақтағы мәдени және саяси ерекшеліктерін ескере отырып, цифрлық инфрақұрылымның дамуына, қауіпсіздік пен тұтынушыларға қолжетімдік туғызуға баса мән берілуде. Сәйкесінше, бұл біртіндеп біртұтас қоғамның дәл осы жүйеге деген сенімін нығайтып, секторлар мен аймақтардың ынтымақтастығын арттырады. Киберқауіпсіздік тенденциясының цифрлық экономикаға ықпалы орасан зор. Себебі электрондық коммерцияда экономикалық өсу мен әлеуметтік дамудың  жаңа түрін қалыптастырады. 

PS: Орталық Азиядағы электрондық коммерциядағы финтех инновациялары бойынша өткен форумда криптовалютаның қолданыс аясын кеңейтуге байланысты мәселелер де назардан тыс қалмады.

Сондай-ақ онлайн төлемдер мен мобильді банкинг үшін түрлі қаржылық қызметтерді біріктіретін банк саласында экожүйелік спектрінің қарқын алуы – технологиялардың одан әрі дамуына, қосымшалардың қызметін тұтынушылардың белсенді қолдануына жаңаша серпін бергенін білдік. Мұны жаһандық озық жобаларды жүзеге асыруда мемлекет пен жеке секторлардың бірлескен жұмысының нәтижесі деуге болады.

Форумда электрондық коммерцияның финтех саласы қарқынды дамыса, нарықтық экономикадағы банктер арасында серіктестік артып, үздіксіз практикалық тәжірибелердің соңы – инновациялық шешімдер табуға мүмкіндік беретініне көзіміз жетті.

«Сағаты – 100 миллион теңге»: Тұрсен Алагөзовтің бір күндік образы белгілі болды «Алматының түндері-ай»: Қайрат Нұртас орындайтын әннің авторы туындының қалай хитке айналғанын айтты Шалыс басқан жастарға жазаны жеңілдету ұсынылды Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады