28 қыркүйек күні Азия ойындарындағы спортшылардың нәтижесі қандай?

29.09.2023, 08:32
1100
28 қыркүйек күні Азия ойындарындағы спортшылардың нәтижесі қандай? Gov.kz

28 қыркүйек нәтижесі көңіл қуантарлықтай. Азия ойындарында Қазақстан командасы екі алтын, бір күміс және алты қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Стенд атудан скит бағдарламасы бойынша аралас командалық сайыста өнер көрсетіп жатқан Әсем Орынбай/Эдуард Ещенко жұбы финалда Кувейттен басым түсті.

Ал нысана көздеуде Зухра Ирназарова алтын медаль алды. 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында 18 жастағы Зухраға тең келетін ешкім болған жоқ. 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында Қазақстан әйелдер құрамасы (Зухра Ирназарова, Фатима Ирназарова, Александра Садуақасова) 2-орынға ие болды.

Жағажай волейболынан жұптық бәсекеде Дмитрий Яковлев пен Сергей Богату қола медаль үшін матчта Иран командасын жеңді, есеп 2:0 (25:23, 30:28).

Спорттық гимнастикадан ат снарядында өнер көрсеткен 25 жастағы Нариман Құрбанов қола жүлдеге қол жеткізді. Біздің отандасымыз 15.100 ұпай жинады.

50 метрге баттерфляй әдісімен жүзу жарысында Әділбек Мусин қола жүлдеге ие болды. Бұл спортшының осы Азиададағы екінші қола медалі. Кеше ол 100 метр қашықтықтағы осы әдіс бойынша да қола медаль алған.

Таэквондодан ұлттық құраманың спортшылары Дениз Жансель (+67 кг) және Смайыл Дүйсебай (+80 кг) Азия ойындарының қола жүлдегерлері атанды.

Семсерлесуден ерлер құрамасы (Мұхамедали Рахманәлі, Назарбай Саттархан, Жанат Нәбиев, Артем Саркисян) командалық жарыста қола медаль жеңіп алды.

Асланбек Шымбергенов қытайлық қарсыласын жеңіп, бокстан жарыстың келесі кезеңіне өтті.

5x5 баскетболда Қазақстанның ерлер командасы БАӘ құрамасын 59:49 есебімен жеңді, ал 3x3 баскетболда біздің отандастарымыз Таиландтан 19:16 есебімен үздік шықты.

Кирилл Герасименко үстел теннисінен 1/8 финалда вьетнамдық спортшыны 4-0 есебімен сенімді түрде жеңді.

Су добынан әйелдер құрамасы Оңтүстік Корея командасын 24:4 есебімен жеңді.

5-ші жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында 3 алтын, 3 күміс және 16 қола жүлде бар.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды